«Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы»

Ақын, жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы» атты дайджест өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                             

 

 

«Спорт майталманы»

КСРО спорт шебері Серік Қонақбаев 65 жаста

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы «Спорт майталманы» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға С.Қонақбаевтың өмір жолымен жетістіктері туралы кеңінен түсінік беру.

 

                  

«Өзгеше ойлы қаламгер»

«БІР ЕЛ-БІР КІТАП» акциясы 2024 жыл
Бердібек Соқпақбаев — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген қайраткері, XX ғасырдың  көрнекті жазушыларының бірі.
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасы №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзгеше ойлы қаламгер» атты таным сағаты өтті.
Мақсаты: Көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын жыл бойына кең көлемде насихаттай отырып, көпшілік жұмыстар және кітап көрмесі арқылы оқырмандарды кітап оқуға тарту. 
                           

«Діни экстремизм мен терроризм — елдігімізге сын»

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Рамазан Әбделиев, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризм — елдігімізге сын» атты имандылық сағаты өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

 

«Көсем»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы жазушы, еңбек сіңірген қайраткер Рафаэль Ниязбековтың шығармаларын насихаттау мақсатында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Көсем» атты әдебиеттеріне шолу ұйымдастырды.

 

                                 

«Әйел бақыты»

Жазушы, журналист Сара Мыңжасарованың туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Әйел бақыты» атты кітап оқу сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға С.Мыңжасарованың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпақты кітап оқуға баулу.

 

 

 

 

«Қызыл тілге дес бермеген шешен»

Шешен Ноғайбай Дәулетбақұлы туғанына 190 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында №5 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қызыл тілге дес бермеген шешен» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

                             

«Ерлігі ел есінде»

 Халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ерлігі ел есінде» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Рықымжан Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі туралы мәлімет беріп, жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеп, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
                             

«Балалар әдебиеті — тәрбиенің қайнар бұлағы»

Көр­нек­ті жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Балалар әдебиеті — тәрбиенің қайнар бұлағы» атты тәрбие сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ә.Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                         

«Сыншыл суретші»

Кескіндемеші, халық суретшісі Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылованың туғанына 95 жыл

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сыншыл суретші» атты ақпарат сағаты өтті. \

Мақсаты: Оқырмандарға Г.Исмаилованың өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен насихаттау.