“Сәкен мұрасы-халық қазынасы”

Ақын, жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 Сүгірбай Байтіков атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен “Сәкен мұрасы-халық қазынасы” атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

                               

 

«Мақтан тұтар ұлы тұлға «

Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Мақтан тұтар ұлы тұлға » атты әдеби круиз өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбіш Кекілбаев туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.

 

                   

 

«Кемел ойлы, зерделі жазушы Шерхан Мұртаза»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Талапты ауылының тумасы Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Рухты қаламгер» атты Шерхантану сағаты өтті. Кеш барысында оқушылар Шерхан Мұртазаның шығармаларынан үзінділер оқып, өз өнерлерін көрсетті. Кітапханашы Жанат Нұрманалиева «Кемел ойлы, зерделі жазушы Шерхан Мұртаза» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

 

                             

 

 

«Жаңа кітап-жаңа әлем»

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әсем Абделиева кітапхана оқырмандарын кітап қорына келіп түскен жаңа әдебиеттермен таныстыру мақсатында «Жаңа кітап-жаңа әлем» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

 

                             

 

 

«Шоқ тілді Шона»

Сатирик, ақын Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Шоқ тілді Шона» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ш.Смаханұлының шығармашылығы мен өмірі жайында түсінік беру, жас ұрпақтың еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

 

                                   

 

 

«Қаламы қарымды тұлға»

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қаламы қарымды тұлға» атты әдеби сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.

 

                     

«Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан»

25 қазан – РЕСПУБЛИКА КҮНІ
Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жариялауына негіз болған айтулы күн. Көпұлтты халықтың бірлігінің, әрқайсымыздың туған жерге деген риясыз сүйіспеншілігіміздің, тарихи қауымдастықты түсінуіміздің және республиканың елеулі әлеуетінің белгісі.
 Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» атты танымдық сағатын ұйымдастырды.
 Мақсаты: Республика күнінің маңыздылығын көрсету, біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен елдің бірлігін, татулығын нығайту.
                            

«Жайықтың ақ шағаласы»

 Ақын Ақұштап Бақтыгереева 80 жаста

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Жайықтың ақ шағаласы» атты поэзия кеші өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Ақұштап Бақтыгереева туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

 

 

 

«Рухани келісім-мемлекет мерейі»

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Рухани келісім-мемлекет мерейі» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға рухани келісім туралы ақпарат беру, жас ұрпақты елін, жерін, сүюге тәрбиелеу.

 

                                 

«Қаламы қарымды жазушы»

Көрнекті жазушы Мақан Жұмағұловтың туғанына 100 жыл
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қаламы қарымды жазушы» атты әдеби шолу өтті.
 Мақсаты: Оқырмандарға көрнекті жазушы М.Жұмағұловтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.