«Әлем таныған Абай»

Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әлем таныған Абай» атты жыр сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.

 

«Кітап және мейірімділік»

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы «Кітап және мейірімділік» мақсатты бағдарламасы аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Жақсылық аралына саяхат” атты өзекті диалог ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға жақсылық құндылығы туралы, «жақсы адам» туралы түсініктерін кеңейту және жақсылық пен жамандықтың қатар жүріп адам өмірінде сан қилы белең көрсететінін ұғындыру.

 

 

«Ғасырдың кемел тұлғасы»

Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ғасырдың кемел тұлғасы» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.

 

                             

«Ядросыз әлем»

6 тамыз — Ядролық қаруға тыйым салу жолындағы дүниежүзілік күрес күні

Аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Ядросыз әлем» атты бейне ролик оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптарын түсіндіру, жастарды Отанын сүюге, бірлікке, елтарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

 

«Ядролық қарусыз болашаққа!»

6 тамыз — Ядролық қаруға тыйым салу жолындағы дүниежүзілік күрес күні

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы «Ядролық қарусыз болашаққа!» атты бейнетүсірілімді оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр зардаптарын түсіндіру, жастарды Отанын сүюге, бірлікке, елтарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

 

 

«Ән патшасы — Шәмші»

Композитор, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «»Ән патшасы — Шәмші» атты ақпарат сағаты өтті.

Оқырмандарға Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

 

«Тұңғыш Президенттің ерен еңбегі»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 85 жаста

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында «Тұңғыш Президенттің ерен еңбегі» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.