Қазақстанның жаңа Конститутциясы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру аясында Жамбыл облыстық ақпараттық түсіндіру тобы Жуалы ауданының кітапхана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге ақпараттық топтың спикерлері:

Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Асабаев Айдос Құттыбайұлы,

Жамбыл облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Сұлушаш Құрманбекова,

 Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова қатысып, жаңа Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер мен оның қоғам үшін маңызына кеңінен тоқталды. Жиында жаңа Конституция жобасындағы басты өзгерістер, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.

 

                               

«Жырлары жүрекке жылу сыйлаған»

⚜️ Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95жыл

⚜️Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Жырлары жүрекке жылу сыйлаған» тақырыбында әдеби шолу өтті.

⚜️Мақсаты: Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 

                    

«Қилы заман және тарих тағылымы”

🔰Ұлт-азаттық көтерілісіне — 110 жыл
🔰Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы «Қилы заман және тарих тағылымы” тақырыбында дайджест өтті.
🔰Мақсаты: Ұлт-азаттық көтеріліс батырларын еске ала отырып, ел басына күн туған кезеңдегі халық ұлдарының ерлігін, табандылығын насихаттау, жас ұрпақты отан сүйгіштікке баулу.
                          

«Мұқағалидің сөзі — ұрпаққа өнеге»

  Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл

📚Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасы «Мұқағалидің сөзі — ұрпаққа өнеге» атты ақпарат сағатын өтті.

🔰Мақсаты: Қазақ поэзиясының хантәңірі атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт бойына ұялату, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу.

 

                    

«Жырлайды жүрек»

🔰Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл

📚Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Жырлайды жүрек» атты поэзия сағатты өтті.

🔰Мақсаты: Қазақ поэзиясының хантәңірі атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт бойына ұялату, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу.

 

                      

«Дарабоз дарын, талант иесі»

Жазушы Мағзом Сүндетов — 90 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Дарабоз дарын, талант иесі» атты әдеби сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушының өнегелі өмір жолын үлгі ете отырып, жазушы әдебиеттерін кеңінен насихаттау, олардың танымдық қабілетін, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті мен жазуын дамыту.

 

                    

“Мұқағали мұрасы — рухани қазына”

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында “Мұқағали мұрасы — рухани қазына” атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Қазақ поэзиясының хантәңірі атанған ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын шәкірт бойына ұялату, ақын өлеңдері арқылы Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, отаншылдыққа тәрбиелеу.

 

 

«Туған жерін жырлап өткен»

🎶Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

🎶Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы «Туған жерін жырлап өткен» атты бейнебаянды назарларыңызға ұсынады.

🎶Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.

 

Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет»

ЖОЛДАУ — 2025

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет» тақырыбына ақпаратты назарларыңызға ұсынады..

Мақсаты: Ауыл шаруашылығын цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту мәселелері сөз болды. Жолдауда көтерілген міндеттерді іске асыру ел экономикасының дамуына және ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға зор мүмкіндік беретіні атап өтілді.

 

 

 

«Кемеңгер ойшыл, ұлы ұстаз»

Ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин — 185 жыл

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Кемеңгер ойшыл, ұлы ұстаз» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларға ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның білім мен тәрбие саласына қосқан үлесін насихаттау, жас ұрпақты адамгершілікке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.