«Шындықтың шырақшысы болған Бөлтірік»

⚜️Шешен, батыр Әлменұлы Бөлтірік — 255 жыл

⚜️Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Шындықтың шырақшысы болған Бөлтірік» атты тарихи кеш өтті.

⚜️Мақсаты: Шешен, батыр Әлменұлы Бөлтіріктің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның шешендік өнердегі орны мен тарихи тұлғалық болмысын таныту, оқырмандардың рухани-танымдық деңгейін арттыру және ұлттық құндылықтарға деген құрметін қалыптастыру.

 

                      

«Ақын Айша Көпжасарова»

⚜️Ақын, жазушы Айша Көпжасарова — 85 жаста

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ақын Айша Көпжасарова» атты ақпарат сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Ақын, жазушы Айша Көпжасарованың шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

«Жүректен шыққан жыр иесі»

⚜️Ақын, жазушы Айша Көпжасарова — 85 жаста

⚜️Жуалы ауданы Жетітіөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапхансы №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Жүректен шыққан жыр иесі» тақырыбында кітаптарына шолу жасады.

⚜️Мақсаты: Ақын, жазушы Айша Көпжасарованың шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. #ЖуалыОКЖ

            

“Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан”

🇰🇿2026 ЖЫЛ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖЫЛЫ

🇰🇿Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында “Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан” тақырыбында талқылау өтті.

🇰🇿Мақсаты: Ауыл шаруашылығын цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту мәселелері сөз болды. Жолдауда көтерілген міндеттерді іске асыру ел экономикасының дамуына және ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға зор мүмкіндік беретіні атап өтілді.

 

                      

«Мақал – сөздің маржаны»

⚜️Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Мақал – сөздің маржаны» тақырыбында буккроссинг өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарды мақал-мәтелдер айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту. Қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан етуге тәрбиелеу. Өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.
                  

«Поэзия ханшайымы»

⚜️Ақын Күләш Ахметова — 80 жыл

⚜️Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Поэзия ханшайымы» атты тәрбие сағаты өтті.

⚜️ Мақсаты: Оқушыларды ақын шығармаларымен таныстыру, өз Отанын суйе білуге, адамгершілікке , мейірімділікке, сөз өнерін, тілді құрметтеуге, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

 

                      

“Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынов”

🔰Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының бақытты болашағы үшін өз өмірін қиған ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, педагог, публицист және өз Отанының нағыз патриоты!

🔰Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы “Ұлт ұстазы — Ахмет Байтұрсынов” тақырыбында бейнетүсірілімді назарларыңызға ұсынады.

🔰 Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіндегі орнын, оның ағартушылық және мұғалімдік қызметі туралы ақпарат беру.

«Бақытты отбасы — бақытты ел»

ОТБАСЫ КҮНІ
♦️Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.
♦️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы «Бақытты отбасы — бақытты ел» атты танымдық сағатын өтті.
♦️Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

«Мейірімділік шапағаты»

⚜️Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы «Мейірімділік және кітап» жобасы аясында «Мейірімділік шапағаты» атты бейнетүсірілімді назарларыңызға ұсынады.

⚜️Мақсаты: Жас ұрпаққа мейірімділік пен татулықты насихаттау, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуін түсіндіру, қайырымдылық – қанға сіңген асыл қасиетіміз, — екенін ұғындыру.

 

«Өнегелі отбасы — өрісті елдің тірегі»

ОТБАСЫ КҮНІ
♦️Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.
♦️Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Өнегелі отбасы — өрісті елдің тірегі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
♦️Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.