«Табиғатым — тал бесігім»

🔰Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында №44 Бақалы бастауыш мектебінің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Табиғатым — тал бесігім» атты табиғат сағаты өтті.

🔰Мақсаты: Туған өлкенің табиғатын қорғауға, қоршаған ортаны аялауға және табиғи байлықтарды тиімді пайдалануға тәрбиелеу. Табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға баулу.

 

                

«Кітап оқитын ұлт»

🔰Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Топжарған» білім орталығына «Ақпараттық науқан және тіркеу» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жобаның мақсаты мен міндеттері, қатысу ережелері және бағыттарын таныстырып, марафонға қатысу тәртібі бойынша ақпарат берді.

 

               

«Отбасы — қоғамның тірегі»

ОТБАСЫ КҮНІ
♦️Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.
♦️Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы «Отбасы — қоғамның тірегі» атты тәрбие сағатын өтті.
♦️Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
                             

«Салт-дәстүр – адастырмас темірқазық»

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Салт-дәстүр – адастырмас темірқазық» атты тәрбие сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Жас ұрпаққа халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандандылыққа тәрбелеу.

 

                      

«Ақпараттық науқан және тіркеу»

🔰Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында Аудандық Ардагерлер үйіне «Ақпараттық науқан және тіркеу» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жобаның мақсаты мен міндеттері, қатысу ережелері және бағыттарын таныстырып, марафонға қатысу тәртібі бойынша ақпарат берді.

 

               

«Қыздарға әсемдік жарасады”

⚜️Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қыздарға әсемдік жарасады” атты тәрбие сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділікке тәрбиелеу.

 

                

«Махаббат пен мейірім мекені»

ОТБАСЫ КҮНІ
♦️Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.
♦️Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасы «Махаббат пен мейірім мекені» тақырыбында тәлім сағатын ұйымдастырды.
♦️Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

«Өнерлі отбасы – ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі»

«ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ»
Облыстық «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтар» бағдарламасы аясында Жуалы ауданында «Өнерлі отбасы – ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі» атты тағылымды мәдени шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, отбасылық тәрбиенің маңызын арттыру және жастарды адамгершілікке, адалдыққа, отансүйгіштікке баулу.
Шара барысында бесік пен бала тәрбиесі, ғасыр жасаған әженің өнегесі, ағайынның татулығы, кітаптың рухани тәрбиедегі орны, құрақ көрпенің ұлттық мұра ретіндегі мәні кеңінен дәріптелді. Бұл бағыттар арқылы қазақы салт-дәстүр, үлкенге құрмет, ұрпақ тәрбиесі, білімге ұмтылу мен ұлттық қолөнердің қадірі насихатталды.
Бағдарламаның мазмұнын толықтыра түскен театрландырылған көріністер арқылы отбасы құндылығы, үлкенге құрмет, ата-ана жауапкершілігі, жастар тәрбиесі, адалдық, еңбекқорлық, отансүйгіштік және зиянды әдеттерден аулақ болу секілді маңызды тақырыптар көркем түрде жеткізілді.
Ал ұрпақтар сабақтастығының өнердегі жарқын үлгісін көрсеткен ауданымыздың «Жаңабаевтар» отбасылық ансамблі сахна төрінде өнер көрсетіп, көрерменге әсем әндерін тарту етті. Бірнеше буын өкілдерінің бір сахнада өнер көрсетуі – ұлттық өнердің отбасы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқанын айшықтады.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызы сөз сөйлеп, отбасы құндылығы, ұлттық тәрбие мен ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығына тоқталды.
Шараның түйінді ойы – ұлттың рухани беріктігі әр шаңырақтың тәрбиесінен басталатынын жеткізу болды.
Ұрпақтар сабақтастығы үзілмей, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, әр шаңырақта береке мен бірлік салтанат құра берсін!

«Менің сүйікті кітабым»

📚Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің сүйікті кітабым» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.
📚Мақсаты: Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, жас ұрпақтың бойында өз бетімен кітап оқып білім алуға дағдыландыру,білімнің кітапта екенін ұғындыру, кітапты оқуға бағалауға тәрбиелеу.
                          

«Заңғар жазушы»

⚜️Жазушы Ғабдол Сланов — 115 жыл

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Заңғар жазушы» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Жазушы Ғабдол Слановтың шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.