«Әдебиет-ардың ісі»

Аудармашы, әдебиеттанушы Ге́рольд Ка́рлович Бе́льгер туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әдебиет-ардың ісі» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Г.Бельгердің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен насихаттау.

 

                               

«Алаш көсемдерінің бірі және бірегейі»

Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасы №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Алаш көсемдерінің бірі және бірегейі» атты тарих сағатын өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақты халқының мақтан тұтар тұлғаларының өмірі мен ерлігін, қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету.

 

               

«Сәкен жырдың сарқылмас дариясы»

Ақын, жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Сәкен жырдың сарқылмас дариясы» атты дайджест өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                             

 

 

«Бала деп соққан жүрегі»

«Кітап — қазына» жобасы

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы «Бала деп соққан жүрегі» атты әдеби танымдық кеш өтті. Кеш барысында №19 Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 9 «Ә» сынып оқушылары Б.Соқпақбаевтың өмірбаянымен таныстырып, шығармаларына шолу жасады. №1 Балалар өнер мектебінің «Театр» үйірмесінің жетекшісі Қаматай Алтынтай Ерболұлы оқушыларымен «Менің атым Қожа» повестінен көрініс көрсетті. №15 Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 6 сынып оқкшысы Ғали Мирас «Жаса Қазақстан», «Қазақ үшін» атты әндерін әуелетіп орындады. Кітапханашы Гүлнұр Егеубаева сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырып, оқырмандардың білім деңгейін тексеріп өтті. Кітапханашы Жансая Олжабай «Белгілі көркемсөз шебері» атты библиографиялық көрсеткіш, «Бала деп соққан жүрегі» атты әдістемелік құрал, «Балалық шаққа саяхат» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Кітапханашы Гүлнұр Егеубаева кітапхана қызметкерлері дайындаған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап инсталляциясын таныстырды. Кеш соңында №19 Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сопбекова Гүлмира Байұзаққызы іс шарадан алған әсерімен бөлісіп, кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдірді. Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары Айжан Жұманова кешті қортындылап, қатысқан оқырмандарға алғысын білдірді.

 

«Діни экстремизм қоғам дерті»

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Діни экстремизм қоғам дерті» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                       

«Дін-тәрбиенің рухани тірегі»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Жуалы» мешітінің бас имамы Сейітқазы қажы Медетбекұлының қатысуымен «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» атты имандылық сағаты өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                                     

«Қаламмен кешкен ғұмыр»

Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қаламмен кешкен ғұмыр» атты патриоттық сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбдіжәміл Нұрпейісов туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.

 

«Ғибартты ғұмыр»

«ЕЛ БОЛЫП ОҚИМЫЗ» акциясы

Әлдихан Қалдыбаев — Қазақстанның көрнекті жазушысы

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында «Ғибартты ғұмыр» атты әдеби кеш өтті. Кешті кітапхана оқырмандары Мият Айтолқын, Нұрсұлтанқызы Нұрай «Кел досым кітапханаға» әнімен бастап, Жұпарбек Еркежан, Темірбек Айман, Темірбек Шолпан «Қазақ» күйін, Әмірқұл Аташбек «Ерке сылқым» күйін күмбірлетіп орындады. №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары Мұстафа Камила “Бір арқан отын”, Байден Гүлсезім “Су тасушы Әшірбек”, Кемелбек Шұғыла “Шертпек атайдың әңгімесі” атты әңгімелерінен үзінді оқып, кітапханашы Марзия Баққараева “Мен апамның баласымын” атты әңгімесімен әдеби кешті қорытындылады.

Мақсаты: Оқырмандарға Әлдихан Қалдыбаев туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.

 

                                   

«Сәкен қасиетті де, қасыретті тұлға»

Ақын, жазушы, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Сәкен қасиетті де, қасыретті тұлға» атты әдеби сағат өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                                       

«Ел қорғаған қолбасшы»

Ұлт азаттық көтерілісінің жетекшісі Ақкөз батыр Қосанұлының туғанына 165 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Ел қорғаған қолбасшы» атты әдеби понарама өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Ақкөз Қосанұлы туралы мағлұмат беру, халқымыздың тарихынан тағылым бере отырып туған жерге деген мақтаныш сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту,ерлікке,елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.