«Ерен еңбек еленген күн»

3 тамыз Көлік және байланыс қызметкерлері күні

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы «Ерен еңбек еленген күн» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Көлік пен байланыстың мемлекет дамуы үшін маңызды сала екенін ұғындыру, жас ұрпаққа еңбексүйгіштік пен жауапкершілік секілді қасиеттерді дәріптеу.

 

«Патриот ақын-Бауыржан Үсенов»

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл толуына орай Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Патриот ақын-Бауыржан Үсенов» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
                       

«Өнерін өнеге еткен Нұрғиса»

Композитор Нұрғиса Тілендиев 100 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық ауылдық кітапханасы «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса» атты бейне клипті оқырмандар назарына ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

«Тағдыры талай талқыға түскен өнер тарланы»

Әйгілі әнші композитор Жаяу-Мұса Байжанов 190 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі әнші-сазгер Жаяу Мұса Байжановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Алатау» білім-спорт орталығы оқушыларының қатысуымен «Тағдыры талай талқыға түскен өнер тарланы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Жаяу-Мұса Байжановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
                      

«Көркем туындылардың шебері»

«БІР ЕЛ — БІР КІТАП» акциясы 2025 жыл

Тәкен Әлімқұлов — ақын, жазушы, әдебиет сыншысы.

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Көркем туындылардың шебері» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

                               

 

 

«Абай мұрасы — халық қазынасы»

Ұлы ақын, ағартушы-философ Абай Құнанбаев — 180 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында Жуалы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Әуесбек Еркебұлан Нұрлыханұлы, Жуалы аудандық ПҚБ есебінде тұрған азаматтар мен кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Абай мұрасы — халық қазынасы» атты Абай оқулары өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу.

 

                        

 

 

«Есірткі құрбаны болудан сақтан»

26 маусым — Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы Күреңбел ауылдық амбулаториясында қатысуымен «Есірткі құрбаны болудан сақтан» атты денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.

 

                                     

«Нашақорлық — ғасырдың тұзағы»

26 маусым — Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Нашақорлық — ғасырдың тұзағы» атты ақыл-кеңес сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.

 

 

                                  

 

«Есірткі — адамның қасы, аурудың басы»

26 маусым — Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні

Жуалы аудандық орталық кітапханасы Жуалы аудандық орталық ауруханасының профилактика бөлімінің «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің психолог маманы Сейтаева Венера Серікқызымен бірлесе «Есірткі — адамның қасы, аурудың басы» атты маман кеңесі өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.

 

                                     

«Балалар әдебиетінің дарабозы»

Жазушы, драматург Елен Әлімжан 80 жаста.

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Балалар әдебиетінің дарабозы» атты портрет сағатын өтті.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлға Елен Әлімжанның өмірі және шығармашылығымен таныстырып, ұлылардың өмірінен үлгілі алуға баулу.