Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы З.Тұрғанбаева кітапхананың тұрақты оқырмандарына «Тифло әлемі, сіздерді шақырады» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырды.

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы З.Тұрғанбаева кітапхананың тұрақты оқырмандарына «Тифло әлемі, сіздерді шақырады» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырды.


Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы күрес — қоғам міндеті» атты ақпарат сағатын өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы «Ашық аспан астындағы оқу залы» жобасы аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Экология — ел тағдыры» атты экологиялық сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақ елі-мәңгілік ел” тақырыбында тарихи кеш өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.

26 маусым — Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Нашақорлық — қауіпті індет, алдын алу міндет» атты ақыл-кеңес сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында «Мұхтар Әуезов көркем сөздің пірі» атты мақсаттық кітапханалық бағдарлама аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлт мақтанышы» атты әдеби эскиз өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру, даналығымен асыл мұратын насихаттау.

Мемлекет қайраткері, жазушы Хамза ЖҮСІПБЕКОВ — 125 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Тарих тереңіне бойлаған» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа Х.Жүсіпбековтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы — 95 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Абайтанушы ғалым — Мекемтас Мырзахметұлы» тақырыбында кітаптарына шолу өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Мекемтас Мырзахметұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ
Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарих қазіргі заман» атты тарих сағатын өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.
