«Денсаулық қоғам байлығы»

26 маусым — Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында Көлтоған ауылдық амбулаториясының медбикесі Жазира Аманжол, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Денсаулық қоғам байлығы» атты денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты:Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.

 

 

                         

 

«Жаз қызығы кітапта»

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы «Табиғат аясындағы оқу залы» жобасы аясында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жаз қызығы кітапта» атты әдеби саяхат ұйымдастырды.

Мақсаты: Балаларға вертуалды кітап арқылы сөздік қорларын дамытып, тiл байлықтарын молайту, сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілеттерін дамыту, достыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

 

                                 

«Нашақорлық-қауіпті індет, алдын алу міндет»

26 маусым — Халықаралық есірткі және наркобизнеске қарсы күрес күні

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында Кәріқорған ауылдық амбулаториясының медбикесі Эльвира Наушабаева, кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Нашақорлық-қауіпті індет, алдын алу міндет» атты ақыл — кеңес сағаты өтті.

Мақсаты:Оқырмандарға адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу.

 

                           

«Өмірі өлеңмен өрілген ақын»

Ақын Ханбибі Есенқарақызы 75 жаста

Жуалы аудандық орталық кіпханасы «Өмірі өлеңмен өрілген ақын» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.

Мақаты: Оқырмандарға Х.Есенқарақызының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                       

«Елінің дара туған батыры — Бақытжан»

 Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен Ертай ауылының тумасы, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант, ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаевтың 72 жасқа толуына орай «Елінің дара туған батыры — Бақытжан» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мән-мағынасын түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
                               

«Ақыл ойдың айдыны»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында Жуалы жерінің тумасы журналист, жазушы Мақұлбек Рысдаулеттің туғанына 75 жыл толуына орай кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ақыл ойдың айдыны» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға М.Рысдаулеттің өмірімен шығармашылығын кеңінен насихаттау, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
                        

«Мен апамның баласымын»

Көр­нек­ті жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Айтбаева кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Мен апамның баласымын» атты романына шолу жасады.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ә.Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                     

«Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы»

Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының кеңесшісі Маралтай Ыбыраев 55 жаста

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында №9 Абай орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Маралтай Ыбыраевтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 

                         

«Ғибратты ғұмыр»

Мемлекет қайраткері, экономика ғылымының докторы Қаратай Тұрысовтың туғанына 90 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ғибратты ғұмыр» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Қ.Тұрысовтың өмір жолымен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                         

«Ерлік даңқы өшпейді»

Кеңес Одағының батыры Мұқат Мұсаевтың туғанына 105 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы «Ерлік даңқы өшпейді» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Жас ұрпаққа батыр Мұқат Мұсаевтың өмірі мен ерлігі туралы насихаттау, патриоттық сезімдерін ояту.