«Сатирик саңлағы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен Шақпақата ауылының тумасы сатирик, жазушы Толымбек Әлімбекұлының 70 жасқа толуына орай «Сатирик саңлағы» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Толымбек Әлімбекұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

                    

«Мен және менің отбасым»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы Мырзахановтар отбасында «Мен және менің отбасым» тақырыбында отбасылық оқу ұйымдастырды.

Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

 

                  

«Мәңгілік махаббат жыры»

15 СӘУІР — ҚОЗЫ КӨРПЕШ — БАЯН СҰЛУ КҮНІ

Жуалы аудандық орталық кітапханасында №19 Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп гимназиясының 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мәңгілік махаббат жыры» тақырыбында сырласу кеші өтті.

Мақсаты: Төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің кейіпкерлерін ұлықтау. Ұлт руханиятындағы теңдесі жоқ ғашықтық жырлармен жастарды сусындату, адам өміріндегі, жастық шағындағы ең жарқын белестері — ғашық болу, ғашықтарды аялау, сезімдерін жеткізе білу, махаббат деген сезімнің ұлылығын паш ету.

 

                      

 

 

«Қаһарман қазақ қызы»

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларының қатысуымен «Қаһарман қазақ қызы» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, жас ұрпақтың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

 

             

«Бабалар өсиеті — ұрпаққа мұра»

Шешен Ноғайбай Дәулетбақұлы туғанына 190 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Бабалар өсиеті — ұрпаққа мұра» атты тарихи кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ұлы тұлғаларымыз жайында мәлімет бере отырып, оқушылардың бойына шығармашылық қасиетін ұялату, кітаптарын насихаттау, кітап оқи отырып Отанға, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

              

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу.

 

                       

БҮГІН – ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ САФУАН ШӘЙМЕРДЕНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ

БҮГІН – ЖАЗУШЫ, ДРАМАТУРГ САФУАН ШӘЙМЕРДЕНОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІ
Қазақстанның халық жазушысы ШАЙМЕРДЕНОВ Сафуан Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов ауданы (қазіргі Жамбыл ауданы), Аманкелді ауылында (1922-2007 жж.) дүниеге келді. «Болашаққа жол» атты алғашқы романы 1953 жылы жарық көрді. Бұл туынды кейін «Инеш» деген атпен орыс тіліне аударылды. «Өмір нұры» атты повестер цикліне тақырыбы, идеясы жағынан өзекті бір желі, бір нысанаға бағындырылған алты повесть — «Мезгіл», «Қарғаш», «Өмір нұры», «Ит ашуы», «Мәжнүн тал» — кірген. Олар шетел тілдеріне әлденеше рет аударылған. «Қайдасың, Зарина?», «Қыр гүлі», «Әнім сен едің», «Марғау», «Төрт бойдақ, бір қыз», «Өкіл әке», «Түйе көтерген», «Аруана дүние» пьесалары көптеген қазақ театрларының сахнасында қойылып келеді. Үнді жазушысы Р.Тагордың «Күйреу», «Гәуірмақан» романдары мен «Алтын сағым» деген атпен жарық көрген әңгімелер жинағын, Л.Толстойдың «Альберт» повесін, беларусь драматургі А.Макаеноктың «Трибуналын», француз композиторы Эрве мен драматург А.Миляждың «Түлкі бикеш» комедиясын аударған. «Жыл құсы» повесі 1974 жылы ВЦСПС пен КСРО Жазушылар одағының жұмысшы тақырыбына арналған конкурсында жүлделі орынға ие болды. Ал Р.Тагордың «Күйреу» романының аудармасы үшін 1984 жылы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығын, «Ағалардың алақаны», «Әдеби толқындар» атты кітаптары үшін 1988 жылы республиканың Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Халық жазушысы құрметті атағына ие болды. «Отан», «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталды.

«Ғарышкері қазақтың»

12 сәуір — Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ғарышкері қазақтың» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру, ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту.

 

           

«Қазақтың қаһарман қызы»

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдык округі Көлбастау ауылдық кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақтың қаһарман қызы» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, жас ұрпақтың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

 

             

«Толағай ақын толастамас жыр иесі»

Ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет 70 жаста

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Толағай ақын толастамас жыр иесі» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірі мер шығармашылығын кеңінен насихаттап, қазақ әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру.