«Алтыбақан аясында»

«Ауған ардагерлеріне тағзым”

«Елдің асыл тірегі — Ата Заң»
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Елдің асыл тірегі — Ата Заң» атты құқық сағаты өтті.
Мақсаты: Ата заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру, жастарымызды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.

“Ауғанстан — тарих қойнауының бір парағы”


«Ауған асуында от кешкендер»

«Қайсар қалам қуаты»
Жазушы Сапар Байжановтың туғанына 95 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы «Қайсар қалам қуаты» тақырыбында бейне ақпаратты назарларыңызға ұсынады.
Мақсаты: Сапар Байжановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, жазушының туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.
«Естен кетпес есті әндер»
Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев — 85 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапханасында «№1 Балалар өнер мектебі», «Топжарған» шығармашылық оқу орталығының оқушыларының қатысуымен «Естен кетпес есті әндер» атты саз кеші өтті. №1 Балалар өнер мектебінің «Өрлеу» домбыра ансамблі А.Еңсеповтің «Әке толғауы» күйін, Қ.Тілепбергенұлының «Шынаяқ» күйін тартып, Ж.Оразбай Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін, «Топжарған» шығармашылық оқу орталығының оқушысы А.Бауыржанқызы Е.Хасанғалиевтің «Анаға сәлем» әнін нақышына келтіріп орындады. №1 Балалар өнер мектебінің «Керімай» би тобы «Аққу» биін биледі. Кітапханашы А.Тәліпбек қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, жас ұрпақты кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқырмандарға Ескендір Хасанғалиевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
«Аты әлемге мәшһүр жазушы»
Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында №9 Абай атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Аты әлемге мәшһүр жазушы» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, жазушының туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

“Бақытым да, байлығым да — денсаулық”
Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында №16 Бокстан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі медбикесі Т.Мұхиддинқызы және оқушыларының қатысыуымен “Бақытым да, байлығым да — денсаулық” атты ақыл-кеңес сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.
