

Жуалы аудандық орталық кітапханасының цифрландырылған ақпараттық орталығы ауыл тұрғындарына Қазақстан Республикасының электрондық egov.kz үкіметтік порталынан қызмет көрсетіп, тегін анықтама алуға болатындығы туралы мағлұматтар беруде.

Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында №17 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Халқының тарихи санасын оятқан жазушы» атты портрет кеші өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.


Жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы №26 Жаңаталап орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Аңыз адам болған Мағауин» атты әдеби постулат өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 755 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Т.Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Алтын Орда тарихы — қазақтың тарихы» атты тарихи танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Алтын Орданың құрылу тарихы, жүргізген саясаты, қазақ даласының тарихында алатын орнын, құндылықтарын насихаттау.


