«Бұлбұл — домбыра”

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы мәдениет үйінің мамандары, “Мерей” қызығушылық клуб мүшелері және №3 Қарымбай Қошмамабетов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Бұлбұл — домбыра” атты өнер сағаты өтті.

Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.

 

«Өнері — өнеге»

Әнші, Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев — 110 жыл

Жуалы ауданы ақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасы «Өнері — өнеге» атты тақырыптық-таным сағатын өтті.

Мақсаты: Қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, әнші К.Кенжетаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық музыка өнерін насихаттау, оқырмандардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие беру.

 

                  

«Күй анасы — Дина»

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Күй анасы — Дина» атты өнер сағаты өтті.

Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.

 

 

                      

 

«Өлеңмен өрілген тағдыр”

Әнші Әбішев Нұғман — 120 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Өлеңмен өрілген тағдыр” атты өнер сағаты өтті.

Мақсаты: Қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, әнші Әбішев Нұғманның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлттық музыка өнерін насихаттау, оқырмандардың өнерге деген қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие беру.

 

                   

“Қаламгер, ойшыл, ұлы ұстаз»

Ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсарин — 185 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен “Қаламгер, ойшыл, ұлы ұстаз» атты тәлім сағатын өтті.

Мақсаты: Оқушыларға ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның білім мен тәрбие саласына қосқан үлесін насихаттау, жас ұрпақты адамгершілікке, білімге құштарлыққа тәрбиелеу.

 

                        

«Ұшқыр арман — нақты мақсат»

Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұшқыр арман — нақты мақсат» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.

 

                  

 

«Ертегілер елінде»

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасын №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Ертегілер елінде» атты ертегілер әлеміне саяхат өтті.
Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
                    

«Тәуелсіздік — тірегі, елдігіміздің жүрегі»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 35 ЖЫЛ
 Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы «Тәуелсіздік — тірегі, елдігіміздің жүрегі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.
 Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы терең мағлұмат беру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
                           

«Әдебиеттегі әлемі бөлек — Әдібай»

Ақын, жазушы Әдібай Табылды — 100 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әдебиеттегі әлемі бөлек — Әдібай» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Ақын, жазушы Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығын таныту, оның қазақ әдебиетіндегі орнын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

 

                           

 

“Тарихтың айбынды батыры”

Қолбасшы, мемлекет қайраткері Әмір-Темір — 690 жыл

Жуалы ауданыБауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы №1 Ш.Мұртаза атындағы гимназия-мектеп 1 сынып оқушыларының қатысуымен “Тарихтың айбынды батыры” атты тарихи-танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Әмір-Темірдің тарихи тұлғасын таныту, жастардың тарихқа қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.