«Өмірімнің өткелдерінде’

📚🎀«КІТАПХАНАҒА КІТАП СЫЙЛА!» акциясы
📚Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханаға кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, кітап мәртебесін көтеру, жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында Ертай аулының тумасы Серкебаев Байұзақ Қонарбекұлы кітапханаға «Өмірімнің өткелдерінде’ атты ғұмырнамалық сыр кітабынан 10 дана кітап сыйға тартты.
📎Өмір жолындағы көрген-білгенін, жүріп өткен белестерін, тағылымды сәттері мен жүрекжарды сырларын арқау еткен бұл кітап – оқырманға ой салар, өмірден сабақ алуға жетелейтін құнды дүние.
📎Кітапхана қорын толықтырып, оқырман қауымға рухани қазына тарту еткен Байұзақ Қонарбекұлына шынайы алғысымызды білдіреміз!
✏️Кітап – ұрпаққа қалдырған асыл мұра.
Кітап сыйлау – руханиятқа жасалған ізгі қадам

«Демалыста кітап оқимыз»

✨📚Жуалы ауданыСұрым ауылдық модельді кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында «Демалыста кітап оқимыз» тақырыбында ашық аспан астындағы оқу залын ұйымдастырды.

✨📚Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту. #ЖуалыОКЖ

 

 

“Ұлы тұлғаға тағзым”

⚜️Ақын, сазгер Қасым Аманжолов туғанына 115 жыл

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Ұлы тұлғаға тағзым” атты тәрбие сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

                 

 

«Полигон үнсіз қалды — үміт оянды»

🛑Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл
🛑Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Полигон үнсіз қалды — үміт оянды» тақырыбында әңгіме ұйымдастырды.
🛑Мақсаты: Семей ядролық полигонының адамзатқа, қоршаған ортаға тигізген ауыр зардаптары туралы мағлұмат беру, оқырмандардың тарихи санасын қалыптастыру, бейбітшілік пен қауіпсіз өмір құндылықтарын дәріптеу, ядролық қаруға қарсы азаматтық көзқарасты тәрбиелеу, туған жерге деген жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімді арттыру.
                     

«Семей полигонының зардаптары»

🛑Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл
🛑Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Семей полигонының зардаптары» тақырыбында диспут өтті.
🛑Мақсаты: Семей ядролық полигонының адамзатқа, қоршаған ортаға тигізген ауыр зардаптары туралы мағлұмат беру, оқырмандардың тарихи санасын қалыптастыру, бейбітшілік пен қауіпсіз өмір құндылықтарын дәріптеу, ядролық қаруға қарсы азаматтық көзқарасты тәрбиелеу, туған жерге деген жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімді арттыру.
                

«Семей полигоны — тарих пен тағылым»

🛑Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл
🛑Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі Семей полигоны зардабын жоюға қатысқан ардагерлерінің қатысуымен «Семей полигоны — тарих пен тағылым» тақырыбында тарих сағатын ұйымдастырды.
🛑Мақсаты: Семей ядролық полигонының адамзатқа, қоршаған ортаға тигізген ауыр зардаптары туралы мағлұмат беру, оқырмандардың тарихи санасын қалыптастыру, бейбітшілік пен қауіпсіз өмір құндылықтарын дәріптеу, ядролық қаруға қарсы азаматтық көзқарасты тәрбиелеу, туған жерге деген жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімді арттыру.
                      

«Жомарт жердің – ырысы»

“ЖОМАРТ ЖЕРДІҢ – ЫРЫСЫ”
“Берекелді ауыл – Ел мерейі” ауылдық округтерде өтіп жатқан мәдениет және өнер фестивалі аясында Қызыларық және Ақтөбе ауылдық округтерінің бірлесуімен Ақтөбе ауылында «Жомарт жердің – ырысы» атты мәдени шара өтті.
Шара барысында қонақтар қазақы дәстүрмен жайылған ақ дастарханнан дәм ауыз тиіп, ұлттық тағамдардан ұсынылған дәмнен нәр алды. Сонымен қатар, ел несібесін маңдай терімен өндіріп жүрген диқаншылардың еңбек даласындағы дала дастарханынан да ауыз тиіп, нағыз еңбек адамының қарапайым тіршілігіне куә болды. Бұл – жерден өнген өнімнің дастарханға дейінгі жолын көрсететін тағылымды көрініс болды.
Ақтөбе ауылдық кітапханасының «Туған жер — берекенің бастауы» атты керемет кітап көрмесі ұйымдастырылып, халыққа ұсынылды. Көрме алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінен жасақталған мазмұнды көрмелер ұсынылып, жердің берекесін еселеген диқан еңбегі, бақша өнімдері мен дарқан даланың сыйы көпшілік назарына ұсынылды.
Мерекелік концерттік бағдарламада ауылдың тыныс-тіршілігі, туған жерге деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен еңбек адамының абыройы арқау болған өнер көрсетілді. Әсем ән, мың бұралған би, мазмұнды сахналық қойылымдар арқылы ауыл өмірінің көркем келбеті мен ұлттық өнердің қадір-қасиеті айшықталды.
Шара барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, ел игілігі жолында еселі еңбек етіп жүрген бірқатар еңбек адамдары сахна төріне шақырылып, еңбектері еленіп, алғыс хаттар табысталды.
                 

“Қайым — Алаштың асыл мұрасы”

⚜️Жазушы, драматург Қайым Мұхамедханов — 110 жыл

⚜️Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Қайым — Алаштың асыл мұрасы” тақырыбында әдеби-сазды кеш өтті.

⚜️Мақсаты: Жазушы, драматург, ғалым Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын таныту.

 

                   

“От жүректі ақын”

⚜️Ақын, сазгер Қасым Аманжолов туғанына 115 жыл

⚜️Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “От жүректі ақын” тақырыбында әңгіме өтті.

⚜️Мақсаты: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыру, оның қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін насихаттау. Ақынның отансүйгіштік, ерлік, адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері арқылы оқырмандардың рухани дүниесін байыту, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз өнерін қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. #ЖуалыОКЖ

 

                

«Заңды білу заман талабы»

⚖️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы “Заң және тәртіп» жобасы аясында «Заңды білу заман талабы» тақырыбында құқық сағаты ұйымдастырды.
⚖️Мақсаты – қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, заң талаптарын сақтау маңыздылығын түсіндіру және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған пікір алмасу алаңын қалыптастыру.