«Ұлт бірлігі ұлы байлық»

1 мамыр — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында №6 Александр Пушкин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ұлт бірлігі ұлы байлық» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы — еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін жете түсіндіру, мәңлілік бейбітшілікті, Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

 

               

«Бірлік бабалар аманаты»

1 мамыр — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Бірлік бабалар аманаты» атты дөңгелек үстел өтті. 

Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы — еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін жете түсіндіру, мәңлілік бейбітшілікті, Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

 

                      

«Әлемге әйгілі — Әуезов»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Дмирий Пахомов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен халық жазушысы Мұхтар Әуезовтың туғанына 126 жыл толуына орай «Әлемге әйгілі — Әуезов» атты әдеби шолу ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқырмандарға Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру, даналығымен асыл мұратын насихаттау.

 

                          

«Сұлу жырдың сұңқары»

Ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет 70 жаста

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Сұлу жырдың сұңқары» атты әдеби круиз өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, қазақ әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру.

 

                     

«100 жаңа оқылық — болашаққа бастама»

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «100 жаңа оқылық — болашаққа бастама» атты букдатинг өтті.

Мақсаты: Әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтарын түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша оқырмандарға толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасау.

 

                              

 

 

«Терроризм және экстремизмге жол жоқ»

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Терроризм және экстремизмге жол жоқ» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                     

 

 

«Ұлтын ұлықтаған Ұлықбек»

Ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет 70 жаста

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ұлтын ұлықтаған Ұлықбек» атты кітап көрмесі өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, қазақ әдебиетіне қызығушылықтарын арттыру.

 

                         

«Қайсар қызы қазақтың»

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында №2 Мыңбұлақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қайсар қызы қазақтың» атты ерлік сағаты өтті.

Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, жас ұрпақтың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

 

                             

«Жыр маржаны Фариза»

Қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде №1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназия оқушыларының қатысуымен «Жыр маржаны Фариза» атты портрет кеші өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Ф.Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу және поэзияны сүюге, түсіне білуге дағдыландыру.

 

                  

«Дәуірдің ұлы, ғасырдың үні»

Профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Дәуірдің ұлы, ғасырдың үні» атты тарихи танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Қ.Сәтбаевтың өмір жолы мен еңбектерін кеңінен насихаттау, ұлылардың өмірінен үлгі ала отырып, жас ұрпақты елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.