

Жазушы Жақау Дәуренбеков — 80 жаста
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Қазақ әдебиетінің дара тұлғасы” атты портрет кеші өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Жақау Дәуренбековтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

Жазушы Бексұлтан Нұржекеев — 85 жаста
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ғұлама өнер иесі» атты әдебиеттеріне шолу өтті.
Мақсаты: Оқушыларға Бексұлтан Нұржекеевтің өмірі мен шығармашылығы, жазушының туындылары арқылы адамгершілік, адалдық, жауапкершілік сияқты рухани құндылықтарды түсіндіру.


Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жолдауға қолдау: Жасанды интеллекет» тақырыбында талқылау отырысы өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жасанды интеллект ұғымы, оның қоғамдағы, білім мен мәдениет салаларындағы рөлі туралы түсінік беру; заманауи технологиялардың мүмкіндіктері мен маңызын насихаттау; кітапхана оқырмандарының ақпараттық сауаттылығын арттыру, цифрлық ойлау қабілетін дамыту және жаңа технологияларға қызығушылығын ояту.

Қазақтың ұлы ақыны, жырау Жамбыл Жабаев — 180 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында «Жүз жасаған жыр алыбы — Жамбыл Жабаев» атты кітаптарына шолу кеші өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау.

Ақын Әмина Шалабаева — 110 жыл
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қарлығаш қанаты — Әмина рухы» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, жазушы Әмина Шалабаеваның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа оның әдеби мұрасын таныта отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.

Жуалы аудандық орталық кітапханасында аудандық орталық аурухананың профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің психолог-наркологы З.Бердиожаева, «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің медбикесі Г.Шохатованың қатысуымен «Ертеңіңді ойласаң- есірткіге жолама» тақырыбында маман кеңесі өтті.
Мақсаты: Жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, психологиялық және медициналық кеңес беру арқылы есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зиянын түсіндіру.
