

Қоғам қайраткері Мақсұт Жылысбаевтың туғанына 130 жыл
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жақындарға жақын жүрген» атты ақпарат сағатын өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға М.Жылысбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

ЖОЛДАУ — 2024
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен “Ел өркендеуінің берік негізі” атты дөңгелек үстел өтті.

ЖОЛДАУ — 2024
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм” атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Жаңа жағдайдағы Қазақстан” атты талқылау отырысы өтті.

Жазушы Шериаздан Елеукенов 95 жаста
Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында №10 Күреңбел орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тұлғалы талант» атты әдеби шолу өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ш.Елеукеновтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» атты имандылық сағаты өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

Мәмбетұлы Байзақ батыр — 235 жыл
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Сан қырлы Байзақ батыр” атты танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: Батырдың ерлігі мен өнегелі өмірін кеңінен насихаттау, оқырмандарды адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктері мен мақтаныш сезімдерін ояту

Көрнекті жазушы Әлдихан Қалдыбаевтың туғанына 85 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақ бүлдіршіндерінің бағбаны» атты таным сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Ә.Қалдыбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

Ақын Ақұштап Бақтыгереева 80 жаста
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Жайықтың ақ шағаласы» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ақын Ақұштап Бақтыгереева туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, жас ұрпақтың бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

Батыр, қолбасшы Сәмен Дәненұлы — 320 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Тарих ғасырлар куәсі» атты тарихи кеш өтті.
Мақсаты: Оқушыларға қолбасшы Сәмен Дәненұлы жайында мәлімет беру, ұлтжандылық сезімдерін оятып, Отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
