
БҮГІН — АҚЫН АБДОЛЛА ЖҰМАҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАН КҮНІ



Профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың Қанышы» атты танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Қ.Сәтбаевтың өмір жолы мен еңбектерін кеңінен насихаттау, ұлылардың өмірінен үлгі ала отырып, жас ұрпақты елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен Шақпақата ауылының тумасы сатирик, жазушы Толымбек Әлімбекұлының 70 жасқа толуына орай «Әзілкештер ауылы» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Толымбек Әлімбекұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында «Бәйтерек» қызығушылық клубы мүшелерінің қатысуымен «Экология — өмірдің жүрегі» атты экологиялық сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру, экологиялық білімдерін молайту, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы Ақтөбе мешітінің имамы Бақытжан Елесов, №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Имандылық — инабаттылық» атты әңгіме ұйымдастырды.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып,оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін бөлімінің кітапханашысы М.Темірбаева І топ көз мүгедегі Айдар Қаңтарбаев, ІІ топ көз мүгедегі Марат Заурбеков, ІІІ топ көз мүгедегі Урхия Джабагиеваның қатысуымен «Жалт еткен жасын ғұмыр» атты тарих сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндау, жас ұрпақтың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын қорғай білуге, батырлыққа, ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында №9 Абай атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен Шақпақата ауылының тумасы сатирик, жазушы Толымбек Әлімбекұлының 70 жасқа толуына орай «Сатира- әдебиеттегі оппозициялық жанр» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Толымбек Әлімбекұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Қошқарата ауылының тумасы ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмір жолымен шығармашылығын оқырмандарға үлгі ету мақсатында Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында №9 Абай атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Жыр саулаған жүрек» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мән- түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.

Профессор, академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл .
Жуалы аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Тарих. Тағдыр. Тұлға» атты әдеби танымдық кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Қ.Сәтбаевтың өмір жолы мен еңбектерін кеңінен насихаттау, ұлылардың өмірінен үлгі ала отырып, жас ұрпақты елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
