

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Күйдің көмес көмейі» атты өнер сағаты өтті.
Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.

«Туған жер — туған тарих»
Жуалы ауданы Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы “Жер — жәннаты Жуалы» атты ақпаратты оқырман назарына ұсынады.
Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы “Тазалық саулық негізі, саулық-байлық негізі” тақырыбында дәріс өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға тазалықтың адам денсаулығын сақтаудағы маңызын түсіндіру, жеке бас гигиенасын сақтау мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және тазалық арқылы аурулардың алдын алу жолдары туралы білімдерін арттыру.

Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында «Жас қыран» қызығушылық клуб мүшелері және №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Ерліктің, еркіндіктің туы — Абылай» атты тарих кеш өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Желтоқсан оқиғасына 40 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Тарих және Тәуелсіздік» атты кітап көрмесіне шолу өтті.
Мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын таныту, тәуелсіздік жолында құрбан болған жастардың ерлігін дәріптеу. Оқырмандардың тарихи санасын қалыптастыру, ел тәуелсіздігінің қадір-қасиетін ұғындыру, отансүйгіштікке, ұлттық рух пен азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек баьыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Ғарышқа сапар» атты ақпарат сағаты өтті.
Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру


Жазушы, драматург Медеу Сәрсекеев — 90 жыл
Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Тұғыры биік жазушы» атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.
Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Медеу Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында кітапхана мамандарының ұйымдастыруымен «Ақпараттық технология заман талабы» атты талқылау сағаты өтті.
Мақсаты: Ақпараттық технологиялардың қазіргі қоғамдағы маңызы мен мүмкіндіктері туралы түсінік беру, цифрлық сауаттылықты арттыру, заманауи технологияларды тиімді және қауіпсіз қолдануға үйрету, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және білім алуға деген қызығушылықты дамыту.
