«Менің Отаным — Қазақстан»

25 қазан — Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында Қосбөлтек ауылдық клубы мамандары мен кітапханашылардың бірлесуімен «Менің Отаным — Қазақстан» атты мерекелік кеш пен «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Дін — рухтық тәрбие»

Жуалы аудандық орталық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Жуалы ауданы бойынша «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ инспекторы Р.Абделиев және №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 8″В» сынып оқушыларының қатысуымен «Дін — рухтық тәрбие» атты имандылық сағатын өтті
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.
                                    
«Діни экстремизм мен терроризм — елдігімізге сын»

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында «Діни экстремизм мен терроризм — елдігімізге сын» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.
                              
“Қаламға ғашық жыр жүрек”

Қазақтың халық ақыны, композитор Иса Байзақов — 125 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Қаламға ғашық жыр жүрек” атты әдеби портрет өтті.

Мақсаты: Халық ақыны, әнші, композитор Иса Байзақовтың шығармашылығын насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу және жастарға рухани-мәдени тәрбие беру.

«Жапыраққа жазылған жыр»

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жапыраққа жазылған жыр» атты жыр кеші өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
                      
«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу. 

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасы»Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кездесу кешін өтті.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.

«Ұстаз — ұлы тұлға»

ҰСТАЗДАР КҮНІ
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында мәдениет үйінің маманы С.Иманбаева, кітапхананың тұрақты оқырмандары және «Мерей» қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Ұстаз — ұлы тұлға» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ұстаздардың еңбегін бағалап, оларға алғыс білдіру, білім алушылардың ұстаздық мамандыққа деген құрметін қалыптастыру.

«Қазақ әдебиетінің сұңқары»

«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы

Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, ақын драматург, әдебиет зерттеушісі және сыншы Сәбит Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің сұңқары» атты әдеби саяхат кеші өтті. Кеш барысында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің оқушылары Д.Сатыпалды жазушының өмірі мен шығармашылығы, Ж.Бақытбек «Қазақ вальсі» өлеңі, А.Серікпай «Көңілім» өлеңі, Т.Сауытбек «Бостандық» өлеңі, Қ.Сауытбек «Сұлушаш» өлеңі, А.Тұрсын С.Мұқановқа арнау арнап, С.Сауытбек «Ерке сылқым» күйі, А.Серікпай «Перзент сыры» әні, «Қызғалдақ» би тобы «Тауыс» биін нақышына келтіріп орындады.

Кітапханашы К.Айтбаева «Сұлу сөздің сардары — Сәбит Мұқанов» кітап көрмесі, «Қазақ әдебиетінің дара тұлғасы» әдістемелік құрал, «Ұлт мақтанышы — Сәбит Мұқанов» ауызша журнал, «Ұлттық рухты ұлықтаушы — Сәбит Мұқанов» библиографиялық көрсеткіш, «Сәбит Мұқанов» ақпараттық-жарнамалық флайер, «Мұқанов — 125 жыл», «Кітап — ғасыр мұрасы» атты кітап инсталляциясымен таныстырып, оқырмандарды кітап оқуға шақырды. Кеш соңында кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Каниева іс шараға қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.