🌾Еңбек ері Шығанақ Берсиев — 145 жыл

🌾Жуалы ауданы Жуалы ауданы Сұрым ауылдық модельді кітапханасы «Ақ тарының атасы» тақырыбында бейнетүсірілімді назарларыңызға ұсынады.

🌾Мақсаты: Шығанақ Берсиевтің өмірі мен еңбек жолын насихаттау, оның егіншілік саласындағы ерен еңбегі мен жетістіктерін таныстыру, еңбекқорлыққа, туған жерді қадірлеуге, адал еңбекке және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

 

«Сөздің сардары – Мергенбай жырау»

⚜️Күйші, жырау Мергенбай жыраудың туғанына 195 жыл

⚜️Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Сөздің сардары – Мергенбай жырау» атты әдеби шолу өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жыраудың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, шешендік өнер, сөз құдіретінің мәнін түсіндіру.

#ЖуалыОКЖ

 

                       

«Ғасырдың техногендік апаты»

💥Чернобыль атом электр стансасында орын алған адамзат тарихындағы алапат оқиғасына — 40 жыл

💥Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы «Ғасырдың техногендік апаты» атты бейнетүсірілімді назарларыңызға ұсынады.

#ЖуалыОКЖ

“Оқы, ойлан, демал!”

✨📚Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында “Оқы, ойлан, демал!” тақырыбында book picnic өтті.

✨📚Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.

#ЖуалыОКЖ

 

«Дәстүрдің дара жолы: кеше және бүгін»

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ҰЛЫҚТАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ
Көлбастау ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Берекелі ауыл – Ел мерейі» өнер фестивалі аясында «Дәстүрдің дара жолы: кеше және бүгін» атты рухани кеш өтті.
Шарада «Ұлттық дәстүр – ұлттың рухани қазынасы» кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Анаға тағзым – ұрпаққа тағылым» аналар мектебінің жұмысы таныстырылды.
Театрландырылған қойылым мен өнерпаздардың әндері көрерменге ерекше әсер сыйлады. Шараға Шымкент қалалық «Әдеп-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының мамандары қатысып, баяндама жасады.
Кештің ерекше сәті – көпбалалы аналарға «Күміс алқа» наградасын табыстау болды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл шара ауыл тұрғындарына үлкен рухани азық берді.
Дәстүріміз мәңгі жасай берсін!

«Жазғы демалыс — кітаппен бірге»

🦉📚Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында «Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбында сурет салу сағатын ұйымдастырды.

🦉📚Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.

#ЖуалыОКЖ

 

                      

 

 

«Шерхан туған топырақ – руханияттың алтын бесігі

ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ АБЫЗЫНА ТАҒЗЫМ
«Берекелді ауыл – Ел мерейі» өнер фестивалі аясында Талапты ауылында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналған «Шерхан туған топырақ – руханияттың алтын бесігі» атты рухани кеш өтті.
Шераға дүниеге келген қасиетті Талапты ауылында ұйымдастырылған тағылымды кеш ұлт руханиятының заңғар тұлғасына көрсетілген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
Іс-шара аясында қонақтар «Ауылдың дәмі» көрмесі мен «Ұлт руханиятының абызы» атты кітап көрмесін тамашалап, «Шерхан ізімен» музейіне экскурсия жасады. Сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылық жолын арқау еткен «Бірегей» деректі фильмі көрермен назарына ұсынылды.
Кеш барысында Шерхан Мұртазаға арналған әндер шырқалып, ақындардың арнау өлеңдері оқылды. Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшелері, ақын Нұржан Қадірәлі мен Нұржан Әліш сөз сөйлеп, қаламгердің ұлт әдебиеті мен руханиятындағы айрықша орны туралы тағылымды ойларын ортаға салды.
Рухани кештің қорытындысында Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмашев Сейітхан Шералханұлы сөз сөйлеп, мәдениет пен руханиятты дамытуға үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

«Жазғы демалыс — кітаппен бірге»

🦉📚Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында «Кітап жазғы серігім» атты жазғы саяхат өтті.

🦉📚Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.

#ЖуалыОКЖ

 

«Жазғы демалыс — кітаппен бірге»

🦉📚Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға арналған «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» жобасы аясында «Демалыста кітап оқимыз» атты кітап оқу сағаты өтті.

🦉📚Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқырмандық мәдениетті қалыптастырып, білімге құштарлықты, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту және кітапханаға деген қызығушылықты ояту.

#ЖуалыОКЖ

 

                

«Ашық аспан астындағы кітапхана»

«Ашық аспан астындағы кітапхана» акциясы аясында ауданымыздың білімге құштар жастары және кітап құмар оқушыларымен мазмұнды кездесу өткіздім.
Жас буынмен ашық пікір алмасып, кітаптың адам өміріндегі орны, білімнің құндылығы, ұлттық тәрбиенің негізі және рухани байлықтың бастауы туралы әңгімелестік. Балалардың оқыған кітаптары жайлы ойларын тыңдап, олардың арман-мақсаттары мен ізденістеріне куә болдым. Кітапқа қызығушылық танытып, өз ойын еркін жеткізе алатын осындай саналы жастарымыздың өсіп келе жатқаны көңілге үлкен сенім ұялатады.
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азаматтар. Сондықтан олардың бойына білімге құштарлықпен қатар туған жерге деген сүйіспеншілік, еңбекқорлық, жауапкершілік пен азаматтық қасиеттерді сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Кездесу барысында табиғатты қорғау мен қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәселесіне ерекше тоқталдық. Өйткені туған жердің тазалығы – әр тұрғынның мәдениеті мен азаматтық ұстанымының айқын көрінісі. Мен әрдайым «Егер әлемді өзгерткіміз келсе, ең алдымен өзімізден бастауымыз керек» деген қағиданы басшылыққа аламын. Әрбір игі іс – кішкентай қадамнан басталады.
Осы мақсатта кездесудің жалғасы ретінде балалармен бірге республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдіріп, балалар ойын алаңының айналасын тазалау жұмыстарына қатыстық. Бұл жай ғана сенбілік емес, жас ұрпаққа туған жерді қадірлеудің, табиғатты аялаудың және қоғамдық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсету болды.