«Жазғы демалыс — кітаппен бірге»

🌈ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» атты жобасы аясында «Боралдай» бөбекжай бақшасы «Балдәурен» тобы бүлдіршіндерінің қатысуымен ертегі оқу сағатын өтті.

🌈Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. #ЖуалыОКЖ

 

“Шерпе күйдің шебері”

🎶Қазақтың әйгілі күйшісі Дина Нүрпейісова — 165 жыл

⚜️Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен “Шерпе күйдің шебері” атты ақпарат сағатын өтті.

🎶Мақсаты: Ұлы күйші Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, қазақ күй өнерін насихаттау және жас ұрпақты ұлттық музыкаға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

 

                     

 

 

«Қазақтың тұңғыш ғарышкері»

🚀Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров — 80 жаста

🚀Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Қазақтың тұңғыш ғарышкері» атты танымдық сағат өтті.

🚀 Мақсаты: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы ғарышкері, Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери — патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласқан Тоқтар Әубәкіровтің өмір жолы, туып — өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру. #Жуалы ОКЖ

 

                       

 

«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды»

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылы Бақалы ауылдық кітапханасында Жуалы АПБ ҚҚб УПИ полиция капитаны С. Мұратұлы мен Жуалы АПБ ҚҚб УПИ полиция майоры А. Есенгелдіұлының қатысуымен «Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды» атты маман кеңесі өтті.

⚜️Мақсаты: азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру мәселелері түсіндіріледі. # Жуалы ОКЖ

 

                    

 

 

«Тарихы терең қазақ елі»

🔰Ұлт-азаттық көтерілісіне — 110 жыл

🔰Жуалы аудандық орталық кітапханасы тұрақты оқырмандардың қатысуымен «Тарихы терең қазақ елі» атты ақпарат сағатын өтті.

🔰Мақсаты: оқырмандарға 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи маңызы мен себеп-салдарын жан-жақты таныстыру, халқымыздың азаттық жолындағы күресін дәріптеу және тарихи сананы қалыптастыру. Қазақ халқының еркіндік пен тәуелсіздік жолындағы күресін үлгі ете отырып, жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін, елжандылық қасиетін, азаматтық жауапкершілігін және ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру көзделеді. #Жуалы ОКЖ

 

                 

«Жазғы демалыс — кітаппен бірге»

🌈ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНЕ САЯХАТ

⚜️Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында «Жазғы демалыс — кітаппен бірге» атты жобасы аясында “Әсем достар” бөбекжай балабақшасының “Күншуақ” тобы бүлдіршіндерінің және Көлбастау ауылдық аналар алқасының төрайымы Бахыт Қанаеваның қатысуымен ертегі оқу сағатын өтті.

🌈Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

 

                       

«Асқақтаған Астана — ел мақтанышы»

🇰🇿6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ
🇰🇿 Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Асқақтаған Астана — ел мақтанышы» атты танымдық кеш өтті.
🇰🇿Мақсаты:Қазақстанның елордасы Астана қаласының тарихымен, қалыптасу кезеңдерімен және еліміздің саяси, мәдени, рухани орталығы ретіндегі маңызымен таныстыру. Жастардың туған елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, елдің жетістіктерін дәріптеу және елордамыздың тәуелсіз Қазақстанның символы ретіндегі рөлін насихаттау.

«Астана әсем қала»

🇰🇿6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ

🇰🇿Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Астана әсем қала» атты дөңгелек үстел өтті.

🇰🇿Мақсаты: Оқырмандарға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру, деректермен білімін, жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту, Астана қаласын мақтан тұта білуге және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.

 

               

«Жайнай бер — Астана»

🇰🇿6 ШІЛДЕ — АСТАНА КҮНІ

🇰🇿Астана — Ақордадан алаштың ақпаратын әлемге таратқан қасиетті мекен!

🇰🇿Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында кітапхананың турақты оқырмандарының қатысуымен «Жайнай бер — Астана» атты ертеңгілік өтті .

🇰🇿Мақсаты: Астана қаласының тарихы мен бүгінгі жетістіктері туралы түсінік қалыптастыру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, жастардың патриоттық тәрбиесін нығайту және елорданың тәуелсіз Қазақстанның символы ретіндегі рөлін насихаттау. #Жуалы ОКЖ

 

                         

«Жаңа Конституция — жаңа мүмкіндіктер»

🇰🇿 Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жаңа Конституция — жаңа мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел өтті.

🇰🇿Мақсаты: Қатысушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам мен мемлекет өміріндегі маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы құқықтық білімдерін арттыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Конституцияның елдің тұрақты дамуы мен жаңа мүмкіндіктерге жол ашудағы рөлін насихаттау.

#Жуалы ОКЖ