«Жүректен шыққан жырлар”

⚜️Жазушы, драматург Исрайл Сапарбай туғанына — 85 жыл

⚜️Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің 3-4 сынып оқушылардың қатысуымен «Жүректен шыққан жырлар” атты поэзия сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылық жолын таныстыру, оның поэзиясындағы ұлттық рух пен адамгершілік құндылықтарды насихаттау, көркем сөзге қызығушылықтарын арттыру және жас ұрпақты әдебиетті сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

 

             

“Жазушы, журналист, өмір шуағы”

📚Журналист, жазушы Рымқұл Сүлейменов — 90жыл

📚Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Жазушы, журналист, өмір шуағы” атты әдеби шолу өтті.

📚Мақсаты: Рымқұл Сулейменовтың шығармашылық мұрасын таныстыру, оқушылардың әдеби-танымдық білімін кеңейту, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

 

                 

«Туған өлкем Жуалы»

⚜️Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Туған өлкем Жуалы» атты сурет салу сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Балалар туған өлкенің табиғаты мен көрікті жерлерін бейнелеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Балалар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы жеткізіп, қиялдары мен шеберліктерін көрсетті. Сурет салу сағаты жас суретшілердің эстетикалық талғамын арттырып, туған өлкеге деген құрмет пен мақтаныш сезімдерін нығайтуға ықпал етті.

 

                        

«Қазақтың көрнекті жазушысы»

⚜️Жазушы Софы Сматаев — 85 жас

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақтың көрнекті жазушысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

⚜️Мақсаты: Жазушы Софы Сматаев шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

                  

«Сөз сардары — Софы Сматаев»

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 4-5 сынып оқушыларының қатысуымен «Сөз сардары — Софы Сматаев» атты әдеби кеш өтті.

⚜️Мақсаты: Жазушы Софы Сматаев шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

                                

«Ертегіден басталған тәрбие»

⚜️Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында Шапағат балабақшасының «Балдәурен» ересек тобы тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Ертегіден басталған тәрбие» атты ертегілер еліне саяхат шарасы өтті.
⚜️ Мақсаты: балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, ертегілер арқылы олардың ой-өрісін кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Саяхат барысында бүлдіршіндер сүйікті ертегі кейіпкерлерімен танысып, қызықты ойындар ойнап, танымдық тапсырмалар орындады. Балалар ертегілер әлеміне саяхат жасап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

«Қанатты қаламгер»

⚜️Жазушы Софы Сматаев — 85 жас

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қанатты қаламгер» тақырыбында танымдық сағат өтті.

⚜️Мақсаты: Жазушы Софы Сматаев шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныту, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

 

                

“Даланың дара ұстазы”

⚜️Ағартушы-педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсарин — 185 жыл

⚜️Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрметін және әлсіз көретін бөлімінің ұйымдастыруымен тұрақты оқырмандар Ж.Ташенов, А.Ташенов, С. Еламанов және Б.Жолдасбековтың қатысуымен “Даланың дара ұстазы” атты ақпарат сағаты өтті

⚜️Мақсаты: Көз жанарынан айырылған және әлсіз көретін азаматтардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, дауыстап оқу арқылы әдебиетке жақындату, тактильді сезіну қабілеттерін дамыту, қоғамдық ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, рухани байлық пен өмірге деген сенімді нығайту.

 

              

 

 

«Ерліктің, елдіктің туы — Абылай»

🛡️Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл

🛡️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 4-5 сынып оқушыларының қатысуымен «Ерліктің, елдіктің туы — Абылай» атты ерлік сағаты өтті.

🛡️Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. #ЖуалыОКЖ

 

                      

“Абылай ханның даңқты дәуірі”

🛡️Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл

🛡️Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Абылай ханның даңқты дәуірі” атты тарих сағатын өтті.

🛡️Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ