«Туған өлкем Жуалы»

⚜️Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Туған өлкем Жуалы» атты сурет салу сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Балалар туған өлкенің табиғаты мен көрікті жерлерін бейнелеп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Балалар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы жеткізіп, қиялдары мен шеберліктерін көрсетті. Сурет салу сағаты жас суретшілердің эстетикалық талғамын арттырып, туған өлкеге деген құрмет пен мақтаныш сезімдерін нығайтуға ықпал етті.