«Қаламды да, қаруды да қатар ұстаған азамат»

«Қаламды да, қаруды да қатар ұстаған азамат»

Бүгін аудандық мәдениет үйінің кіші залында танымал журналист, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, аудармашы, жазушы Құрманбек Сағындықовтың 115 жылдығына орай портрет кеші өтті.

Іс-шара аясында «Азамат. Журналист. Тұлға», «Қазақтың Құрманбегі» атты кітап көрмелері, отбасы, шығармашылығы мен наградаларынан құралған фотогалерея, ақын шығармаларынан тұратын әдеби композиция, «Хас батыр бейнесі», «Тау тұлғалы нар ағам» кітаптарына шолулар және жас өнерпаздар атынан арнау шығармалар ұсынылды.

«Темекі мен нашақорлық — денсаулық душпаны»

19 ҚАРАША — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕМЕКІДЕН БАС ТАРТУ КҮНІ

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Темекі мен нашақорлық — денсаулық душпаны» атты ақыл кеңес сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зияндылығы, әр түрлі жөтел, асқазан тері аурулары осы никотин мен алкогольдің әсерінен екенін түсіндіру.

“Ауылымның қадір тұтар азаматтары”

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасы жеке кәсіпкер М.Пирназаровтың қатысуымен “Ауылымның қадір тұтар азаматтары” тақырыбында кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Жастарға бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру, еліміз үшін еңбек етуге баулу, адам еңбегін бағалап ,еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

“Нан иісі аңқыған қолға — мың алғыс”

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы жеке кәсіпкер Назира Тажиеваның қатысуымен “Нан иісі аңқыған қолға — мың алғыс” атты бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.

Мақсаты: Жастарға бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру, еліміз үшін еңбек етуге баулу, адам еңбегін бағалап ,еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

“Жемқорлық — жегі құрт”

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушылары қатысуымен “Жемқорлық — жегі құрт” атты дайджест өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, сыбайлас-жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау жəне əділдікке тəрбиелеу

«Ұлттық теңге — ел тәуелсіздігінің символы»

15 қараша — ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық теңге — ел тәуелсіздігінің символы» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.

«Теңге біздің ұлттық байлығымыз»

15 қараша — ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы «Теңге біздің ұлттық байлығымыз» тақырыбында ақпараттық шолуды назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.

“Кәсіпкерлік — ырыс, береке бастауы”

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Кәсіпкерлік — ырыс, береке бастауы” атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Жастарға бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындыру, еліміз үшін еңбек етуге баулу, адам еңбегін бағалап ,еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.

«Ұлттық теңге — Тәуелсіздігіміздің нышаны»

15 қараша — ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ұлттық теңге — Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақты Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихын, оның маңызын түсіндіру, қолдану аясын жете білуменен байланыстыру.

“Алтын теңге»

15 қараша — ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Алтын теңге» атты танымдық сағаты өтті.