«Ауылым алтын бесігім»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ауылым алтын бесігім» атты өлкетану сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру, жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

 

                                             

 

«Жалын, жарқыл шашқан – Жұбан ақын…»

⚜️«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
⚜️Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде
2025 жылы ақын-жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ел рухының жыршысы, Қазақстанның халық ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай «Жалын, жарқыл шашқан – Жұбан ақын…» атты поэзия кеші өтті.
✍🏼 Кеш барысында №30 Көктөбе орта мектебінің оқушылары Асет Базарбек, Нұртөре Сман, Қуаныш Сыбанқұл, Айару Байұзақ, Рамазан Сабит, Айғаным Аллаберген, Талант Жапар және Асылай Әмірхан ақынның туған жерге, елге арналған өлеңдерін шеберлікпен мәнерлеп оқыды. Әлинұр Оразбай «Ұлы елім» әнін, Ерке Ерғали «Отан» әнін, ал Асылай Әмірхан «Анажаным» әнін орындап, тыңдарманға ерекше әсер сыйлады. Сондай-ақ, Зере Торланбай мен Кәусар Торланбай «Ерке сылқым» және «Домбыра» күйлерін нақышына келтіріп орындаса, шараның көркін «Айкөркем» би тобының «Шашу» биі одан әрі ашып, кештің мерекелік рухын айшықтады.
✍🏼Кітапхана әдіскері Динара Дадашева ақынның шығармашылық жолына арналған «Жұбан жырлары жүрегімізде» атты кітап көрмесі, «Ұлт мақтанышы – Жұбан Молдағалиев» ауызша журнал, «Жұбан Молдағалиев – ұлт рухын жырлаған ақын» әдістемелік құрал, «Жыр қыраны – Жұбан ақын» библиографиялық көрсеткіш, ақпараттық-жарнамалық флайер және «Жұбан» кітап инсталляциясымен таныстырды.
⚜️Қорытынды сөз кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Шарифат Каниева мен бірыңғай қорларды пайдалану және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Күләш Таубалдиеваға беріліп, меңгерушілер іс-шараға белсене қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, олардың еңбегін жоғары бағалады. Іс шараға қатысқан оқырмандар Алғыс хаттармен марапатталды.
                                 

«Ауыл шаруашылығының қыр-сыры»

2025 жыл — Жұмысшы мамандықтар жылы

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында Ақсай ауылдық округінің әкімі М.М. Мәтен, Жуалы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Е.Н. Әуесбек және пробация қызметі есебінде тұрған түзету мекемелерінен босап келген азаматтардың қатысуымен «Ауыл шаруашылығының қыр-сыры» тақырыбында шаруа қожалық кеңесі өтті.

Мақсаты: Түзету мекемелерінен босап шыққан азаматтарды ауыл шаруашылығы саласына тарту, олардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету, еңбекке баулу және жұмысшы мамандықтарының маңызын насихаттау.

 

                   

 

«Ұлан даланың алып ұлы — Бауыржан Момышұлы»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы аудандық орталық кітапханасы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Жуалы аудандық ПҚБ бастығы, әділет капитаны Б.А. Бекмолдаев және пробация қызметі есебінде тұрған түзету мекемелерінен босап келген азаматтардың қатысуымен «Ұлан даланың алып ұлы — Бауыржан Момышұлы» атты танымдық-портреттік кеш өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарман, батыр Бауыржан Момышұлының ерлік жолын насихаттау, жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу және пробация қызметі есебіндегі азаматтардың рухани дамуына қолдау көрсету.

 

                                    

 

“Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп”

Ақын Жұбан Молдағалиев — 105 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы “Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп” атты ақпараттық шолуды назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Ақын, жазушы Жұбан Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

 

«Медицина майталманы — Төрегелді Шарманов»

Медицина ғылымының докторы, профессор Төрегелді Шармановтың туғанына 95 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Медицина майталманы — Төрегелді Шарманов» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Медицина ғылымының көрнекті өкілі, профессор Төрегелді Шармановтың өмірі мен еңбегін насихаттау, оның денсаулық сақтау саласындағы жаңашыл идеялары мен ұлт саулығына қосқан үлесін жастар мен ауыл тұрғындарына таныстыру.

 

           

 

«Құт қонған өлкем — Жуалы»

ТУҒАН ӨЛКЕМ — ТҰНҒАН ШЕЖІРЕ

Қасиет дарып, құт қонған Жуалы өңірі, қазына мен іске салсаң қуаттанатын, өнерге келсең шуақтанатын таланттарға әуелден-ақ бай мекен.

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен Жуалы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Құт қонған өлкем — Жуалы» тақырыбында өлкетану сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандардың туған елін, жерін, Отанын сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жас ұрпақтың бойында еліне, Отанына, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру.

 

«XX ғасыр — денсаулық сақтау ісінің Ұлы Хартиясы»

Медицина ғылымының докторы, профессор Төрегелді Шармановтың туғанына 95 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «XX ғасыр — денсаулық сақтау ісінің Ұлы Хартиясы» атты денсаулық сағаты өтті.

Мақсаты: Медицина ғылымының көрнекті өкілі, профессор Төрегелді Шармановтың өмірі мен еңбегін насихаттау, оның денсаулық сақтау саласындағы жаңашыл идеялары мен ұлт саулығына қосқан үлесін жастар мен ауыл тұрғындарына таныстыру.

 

                                   

 

 

«Ақша бұлтқа айналған абыз ақын”

Ақын, жазушы Әбу Сәрсенбайұлы — 120 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы «Ақша бұлтқа айналған абыз ақын” тақырыбында ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбу Сәрсенбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

 

 

«Теңіз жыршысы — Әбу абыз»

Ақын, жазушы Әбу Сәрсенбайұлы — 120 жыл

Жуалы ауданы илікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы «Теңіз жыршысы — Әбу абыз» атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбу Сәрсенбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, еңбегін үлгі ете отырып елін, жерін сүюге шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.