«Менің Отаным — Қазақстан»

25 қазан — Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында Нұрлыкент ауылдық мәдениет үйінің мамандары мен кітапханашылардың бірлесуімен «Менің Отаным — Қазақстан» атты мерекелік концерт пен «Жаса, жайна, Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

 

«Жыр қыраны — Жұбан ақын»

Ақын Жұбан Молдағалиев — 105 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жыр қыраны — Жұбан ақын» атты поэзия кеші өтті.

Мақсаты: Ақын, жазушы Жұбан Молдағалиевтің шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                                 

«Ертегілер әлемінде»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Бәйтерек» бөбекжай-балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Ертегілер әлемінде» атты ертеңгілік өтті.
Мақсаты: Балаларды ертегілер арқылы жақсылық пен жамандықты ажырата білуге баулу, қиялын дамытып, әдеби кейіпкерлер арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

«Ішімдік жанды, тағдырды өмірден адастырады»

Жуалы ауданы, Көкбастау ауылдық округіне қарасты Теріс ауылдық кітапханасында №16 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің медбикесі Ақнұр Мамбеталиеваның және 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Ішімдік жанды, тағдырды өмірден адастырады» атты памфлет кеші өтті.
Мақсаты: Оқушыларға ішімдік пен темекінің адам ағзасына зиянды әсерін ғылыми деректер мен нақты мысалдар арқылы түсіндіру. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын, білімді де тәрбиелі, парасатты тұлға тәрбиелеуге ықпал ету.
                                   

«Менің Отаным — Қазақстан»

25 қазан — Қазақстан Республикасы күні мерекесі қарсаңында Қосбөлтек ауылдық клубы мамандары мен кітапханашылардың бірлесуімен «Менің Отаным — Қазақстан» атты мерекелік кеш пен «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

«Дін — рухтық тәрбие»

Жуалы аудандық орталық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Жуалы ауданы бойынша «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ инспекторы Р.Абделиев және №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 8″В» сынып оқушыларының қатысуымен «Дін — рухтық тәрбие» атты имандылық сағатын өтті
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.
                                    

«Діни экстремизм мен терроризм — елдігімізге сын»

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында «Діни экстремизм мен терроризм — елдігімізге сын» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.
                              

“Қаламға ғашық жыр жүрек”

Қазақтың халық ақыны, композитор Иса Байзақов — 125 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Қаламға ғашық жыр жүрек” атты әдеби портрет өтті.

Мақсаты: Халық ақыны, әнші, композитор Иса Байзақовтың шығармашылығын насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу және жастарға рухани-мәдени тәрбие беру.

 

                            

«Жапыраққа жазылған жыр»

Ақын, журналист Бауыржан Үсенов — 65 жыл
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Жапыраққа жазылған жыр» атты жыр кеші өтті.
Мақсаты: Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мәнін түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.
                      

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында кездесу кешін ұйымдастырды.

Мақсаты: Көпті көрген данагөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім — тәрбиені бойына сіңірген, кішіпейіл, иманды, мейірімді, еңбекқор тұлғаны тәрбиелеу.