«Имандылық — инабаттылық айнасы”

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасындакітапхана оқырмандарының қатысуымен «Имандылық — инабаттылық айнасы” атты ізгілік сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға діни тәрбие бере отырып адамгершілік, ізеттілік, имандылық құндылықтарын бойға сіңіру, жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні, имандылық туралы жастардың көзқарастарын дұрыс қалыптастыру.

 

                                          

«Орыс әдебиетінің классигі»

Жазушы Александр Иванович Куприн — 155жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Орыс әдебиетінің классигі» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға А.Куприннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                            

«Еңбек — адамның асылы»

28 қыркүйек — Еңбек күні

Жуалы аудандық орталық кітапханасы кітапхана оқырмандары аудандық білім бөлімінде 40 жыл еңбек еткен ардагер ұстаз К.Қаипова және аудандық орталық ауруханада 35 жыл еңбек еткен медицина саласының ардагері Ж.Үсенбаеваның қатысуымен «Еңбек — адамның асылы» атты сұхбат өтті.

Мақсаты: Оқырманға кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт-бағдар беру және жас ұрпақ бойында іскерлік, әдеп, ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.

 

                                    

Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 93 жыл.

Бүгін Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 93 жыл.
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Мыңбұлақтың шұрайлы алқабында, Талапты ауылында дүниеге келген. 1937 жылы әкесі Мұртаза халық жауы деп ұсталып, қамалып кетті.
1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1955-1963 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінің тілшісі, әдеби қызметкері болды. 1963-1970 жылдары «Лениншіл жас» газетінің редакторы.
Содан кейінгі уақытта «Жазушы» баспасының, «Жалын» альманағының, «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1975-1980 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, 1980-1989 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы әрі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды.
1989-1992 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінде бас редактор, 1992-1994 жылдары ҚР мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы болып істеді. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты болды. Жазушының әр жылдары «Табылған теңіз» (1963), «Белгісіз солдаттың баласы» (1967), «Ахметжанның анты» (1973), «Мылтықсыз майдан» (1977) повестері, «41-жылғы келіншек» (1972), «Интернат наны» (1974) әңгімелері, «Қара маржан» (1977), бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе», «Ай мен Айша» (1999) романдары, шығармаларының төрт томдығы (1990-2000), шығармаларының 6 томдығы, таңдамалы шығармаларының 7 томдығы, «Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда» (К.Смайловпен бірге) (1998) атты кітаптары жарық көрген.
Оның шығармалары КСРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған.
Қазақ тіліне Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет» туындыларын, Мұсатай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін тәржімалады. «Әзиза» пьесасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің грантын жеңіп алды.
«Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығын алды. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Құрмет белгісі», «Отан» орден, медальдарымен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы. 2000 жылы Жуалы ауданының Құрметті азаматы атанды.

Бүгін — Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей — үш бірдей ұлы қаламгердің туған күні.

Бүгін — Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкей — үш бірдей ұлы қаламгердің туған күні.
Қазақ әдебиетінің алыптары – Мұхтар Әуезов (1897-1961 жж), Шерхан Мұртаза (1932-2018 жж), Оралхан Бөкей (1943-1993 жж) 28 қыркүйек күні дүниеге келді.
Абайды туған мекенде өмір есігін ашқан ұлы қаламгер Мұхтар Әуезов, ұлтының әдебиеті мен мәдениетіне теңдессіз үлес қосып, ұлт ағарту жолында сүбелі еңбегімен ұлы шың болып қалса, қазақ әдебиетінің үдіре алға басқан дәуірінің өкілдері Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкей де әдебиет тарихында суреткерліктерімен, сөз зергерлігінің қайталанбас қолтаңбасымен ерекшеленеді.Олардың қаламынан туған шығармалар күні бүгінге дейін, тіпті ұзақ болашақтада ұлтының ұрпақтарына жолдас болатыны айдан да анық. Ұлт көшіне нар тұлғаларды тудырған 28 қыркүйек атаулы күндердің біріне айналып, еңселі елдің бүгінгі күні үшін желдің өтінде, күннің бетінде тұрып, ұмытылмас шығармаларды қалдырған қаламгерлердің есімі мәңгілік ел есінде.

«Бақытты құлдықтың ақыры»

Жазушы Рамазан Тоқтаровтың туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Бақытты құлдықтың ақыры» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа Р.Тоқтаровтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу

 

                                 

 

 

«Көркем сөздің көрнекті өкілі”

Ақын Несіпбек Айтұлы — 75 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапаханасында №16 С.Сейфуллин атындағы мектебінің 8 сынып оқушылары және “Ұлағат” қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Көркем сөздің көрнекті өкілі” атты әдебиеттерінде шолу өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға ақын Несіпбек Айтұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
                                        

«Аңыз және абыз»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Талапты ауылының тумасы Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 93 жыл толуына орай Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасында №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Аңыз және абыз» атты әдеби алаң өтті.

Мақсаты: Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер,қазақтың мұңын мұңдаған,жоғын жоқтаған қайраткер, қазақ журналистикасының өзіндік мектебін қалыптастырған ұстаз, жазушы Шерхан Мұртазаның өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, жастарды рухани, патриоттық тәрбиеге баулу.

 

                   

 

 

«Баспасөздің баһадүрі Шерхан Мұртаза»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Талапты ауылының тумасы Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 93 жыл толуына орай Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында №22 Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Баспасөздің баһадүрі Шерхан Мұртаза» атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер,қазақтың мұңын мұңдаған,жоғын жоқтаған қайраткер, қазақ журналистикасының өзіндік мектебін қалыптастырған ұстаз, жазушы Шерхан Мұртазаның өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, жастарды рухани, патриоттық тәрбиеге баулу.

 

                                

 

 

“Орта ғасырлық түркі ойшылы”

Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидың туғанына 1005 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы «Білімді ұрпақ” қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен “Орта ғасырлық түркі ойшылы” тақырыбында оқырман конфериясы өтті.

Мақсаты: Жүсіп Баласағұнның өмір жолын, шығармашылық жетістіктерін насихаттай отырып оқырмандарды адамгершілікке, саналы білім алуға, имандылыққа тәрбиелеу.