🕊️1 мамыр — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

🕊️Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасы №6 А.Пушкин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Еліміз — достық пен татулықтың мекені» атты тәрбие сағаты өтті.

🕊️Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы — еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін жете түсіндіру, мәңлілік бейбітшілікті, Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

 

“Бірлік — ел болашағы”

🕊️1 мамыр — ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

🕊️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Бірлік — ел болашағы” атты тәрбие сағаты өтті.

🕊️Мақсаты: Көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы — еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту, Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін жете түсіндіру, мәңлілік бейбітшілікті, Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

«Менің сүйікті жазушым»

📚 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026
2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.
⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20Жамбыл атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің сүйікті жазушым» атты әдеби кеш өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.
                          

“Поэзия менімен егіз бе едің?

⚜️«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
⚜️Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
⚜️Жуалы ауданы Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің мұзбалағы, XX ғасырдың ең көрнекті лирик ақыны, жазушы және аудармашы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай “Поэзия менімен егіз бе едің? атты әдеби-әуенді кеш өтті. Кеш барысында №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің оқушылары М.Сағындық “Шыда”, А.Нұрғали “Үш бақытым”, Н.Қуандық “Сәби ана”, С.Құдайберген “Шеше сен бақыттысың”, К.Даярбек “Поэзия”, К.Жамал “Ғашықпын”, Г.Рахматулла “Отан”, С.Есен “Соғады жүрек” өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыса, Г.Бахытжанқызы, Ә.Сапарәлі, А.Сәулетбек, А.Өтесін, А.Жақып, М.Тұрдымұрат, А.Тәжібай, А.Дамирқызы, Н.Тілубай, А.Өмірәлі ақынның “Аққулар ұйықтағанда” атты поэмасынан көрініс көрсетті. «Шабыт» балалар би үйірмесінің “Ақ желкен” би тобы тобы «Болашақ бомба», Адай” тобы “Қырғыз” биін билесе, мәдинет үйінің маманы Х.Жұпмағамбетова “Нұр жауып тұрған көктемде”, Нұрлыкент ауылдық кітапханасының әдіскері Ф.Смайлова “Жолыққан қандай жақсы”, М.Тұрдымұрат, А.Сәулетбек, Ә.Сапарәлі “Бақыт деген” әндерін нақышына келтіре орындады.
⚜️Кітапханашы А.Бегалиева “Поэзия алыбы Мұқағали” атты кітап көрмесіне шолу жасап, «Қазақтың мұзбалық ақыны» ауызша журнал, «Мұқағали Мақатаев — мәңгілік ғұмыр» библиографиялық көрсеткіш, «Мұқағали Мақатаев — қазақ поэзиясының ақиығы» әдістемелік құрал және кітап инсталляциясымен таныстырды. Кеш соңында кітапхана директорының орынбасары А.Жұманова, кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Каниева іс шараға қатысқан оқырмандарға алғысын білдіріп, Алғыс хаттармен марапаттады.

«Саз әлемінің сардары»

🎼Композитор, дирижер Ахмет Жұбанов — 120 жыл

🎼Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен «Саз әлемінің сардары» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

🎼Мақсаты: Оқушыларға композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                       

“Мәдени мұра — ұрпақ құндылығы”

⚜️МӘДЕНИ МҰРА — МӘҢГІ МИРАС

⚜️Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында “Мәдени мұра — ұрпақ құндылығы” атты кітапханалық мақсаттық бағдарлама аясында «Атамұра» қызығушылық клубының мүшелерінің қатысуымен «Ұлттық салт-дәстүр ұрпаққа мұра» атты тәрбие сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Оқырмандарға ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар — біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру, тілдік, сөздік қорларын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру.

#ЖуалыОКЖ

 

«Қазақ поэзиясының ақ гүлі»

⚜️Ақын Күләш Ахметова — 80 жыл

⚜️Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №19 Д.Қонаев мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ поэзиясының ақ гүлі» атты поэзия кеші өтті.

⚜️ Мақсаты: Оқушыларды ақын шығармаларымен таныстыру, өз Отанын суйе білуге, адамгершілікке , мейірімділікке, сөз өнерін, тілді құрметтеуге, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                    

“Теңіз тудырған талант”

⚜️Ақын, аудармашы Шөмішбай Сариев — 80 жыл

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Теңіз тудырған талант” атты әдеби панорама өтті.

⚜️Мақсаты: Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын әрі аудармашы Шөмішбай Сариевтің шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетке сүйіспеншілігін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

                            

«Өнер саңлағы»

⚜️Әнші, композитор Дәнеш Рақышев — 100 жыл

⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өнер саңлағы» атты өнер сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Қазақтың көрнекті әнші-композиторы Дәнеш Рақышев шығармашылығын насихаттау, оның өнердегі орнын оқушыларға таныстыру, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру. Сонымен қатар жас ұрпақты өнерді құрметтеуге, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, рухани-мәдени құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

 

                           

«Ұлттың рухани тағдыры»

📚 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026
2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.
⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттың рухани тағдыры» атты әдеби альманах өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.