«Тіл мәртебесі — ел мәртебесі»

5 қыркүйек — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округінің Бәйтерек ауылдық кітапханасында №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл мәртебесі — ел мәртебесі» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге, оқушыларды адамгершілікке, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту.

 

                                       

«Өз ана тіліңмен сөйлеу — елге деген құрмет»

5 қыркүйек — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Өз ана тіліңмен сөйлеу — елге деген құрмет» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге, оқушыларды адамгершілікке, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту.

 

 

                           

 

Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл

Ақын, журналист Бауыржан Үсеновтың туғанына 65 жыл
Бауыржан Мұқанұлы Үсенов 1960 жылы Қошқарата ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінде қызмет істеген. 1986 жылғы Желтоқсан көтерлісіне қатысқан.
Бауыржан Үсенов бар болғаны 31 жасында дүниеден өтті. Оның аз да болса мағыналы ғұмыр кешкенін соңында қалған бір томдай өлең-жырлары айқын дәлелдейді. Көзі тірісінде ақынның өлеңдері газет-журналдарда, ұжымдық жинақтарда жарияланғаны болмаса, өз алдына жеке кітап болып шықпаған. Көз жұмған соң «Табиғат терезесі», «Маңдайыма жазылған мәңгілігім» (2001 ж. «Елорда» баспасы), «Менің бұлтым» («Жазушы» баспасы 2012ж) атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Әлі де жарияланбаған дүниелері баршылық.
Бауыржан Үсенов көзі тірісінде жастардың республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанған. Қайрат Рысқұлбеков туралы поэмасы «Жалынның» жабық бәйгесінде екінші жүлдеге ие болған.
Бауыржан Үсенов сұлу сазды оншақты әннің авторы. Өзі айтыскер ақын да болған еді. Ол 1991 жылы дүниеден өтті.

«Ауыл Live: Бәріміз бірге»

«АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ»

Ақтөбе, Қызыларық ауылдық округтерінің ұйымдастыруымен «Ауыл Live: Бәріміз бірге» тақырыбында аудандық өнер фестивалі өтті. Іс шара барысында Сұрым ауылдық модельді кітапханасы және Бәйтерек,Жаңаталап, Ақтөбе ауылдық кітапханалары «Ұлы Жеңіске 80 жыл», Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл, Қазақ халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл, ҚР Конституциясына 30 жыл толуына орай түрлі кітап көрмелерін ұйымдастырып, «Абай дана, Абай дара», «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім — Бауыржан Момышұлы» атты кітап көрмелері мен кітап инсталляциясын Сұрым ауылдық модельді кітапханасының әдіскері Рустемова Гаухар таныстырды. Шара барысында Бәйтерек ауылдық кітапханасының оқырманы Абдуғаппар Жанел Б.Момышұлының «Ескертпе» өлеңін, Ақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Қалдау Еркеназ Абайдың «Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы» өлеңін жатқа оқып берсе, Жаңаталап ауылдық кітапханасының әдіскері Айман Алтайбекова «Елге сәлем» әнін орындап көрермендер көңілінен шықты.

 

«Ән падишасы Шәмші аға»

Композитор, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Ән падишасы Шәмші аға» атты әдеби-музыкалық композиция өтті.

Оқырмандарға Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

                                 

Бүгін — ақын, жазушы ӘКІМ ЫСҚАҚТЫҢ туған күні.

Бүгін — ақын, жазушы ӘКІМ ЫСҚАҚТЫҢ туған күні.
 Қазақстан парламентаризмінде тұңғыш қазақ тілінде, әрі Үкіметке баламалы негізде жазылған «Халықтың көші-қоны туралы» заңының авторы.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. 1997 жылы «Жыл адамы» атағын алған. Ордабасы ауданының Құрметті азаматы. «Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Моңғолияның «Шыңғысхан» медалінің иесі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.

“Жаса, жаса қазақ тілі”

5 қыркүйек — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚТАРЫ ТІЛДЕРІ КҮНІ

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №25 Ақтөбе тірек мектебі оқушыларының қатысуымен “Жаса, жаса қазақ тілі” тақырыбында зияткерлік ойын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ана тіліміздің маңыздылығын түсіндіре отырып, тілімізді құрметтеуге, оқушыларды адамгершілікке, рухани, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту.

 

ЯДРОСЫЗ ӘЛЕМ

ЯДРОСЫЗ ӘЛЕМ

Бүгінде ядролық сынақтың полигоны жабылған күн – қазақ ұлты үшін ғана емес, әлем халықтары үшін де ерекше маңызы бар тарихи оқиға. Ардагерлерді Отан алдындағы абыройлы борышын адал атқарғаны үшін болашақ ұрпақ құрметтейді. Осындай ілтипаттың бір парасы бүгін көрініс тапты.

Аудандық орталық кітапханада Семей полигоны зардабын жоюға қатысқан ардагерлерінің қатысуымен «Ядросыз әлем» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

                     

 

“Туған өлкем ажарлы аса көркем”

ТУҒАН ӨЛКЕМ — ТҰНҒАН ШЕЖІРЕ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасында кітапхана оқырманы Ә.Қуанышбек “Туған өлкем ажарлы аса көркем” тақырыбында ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Өз елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

«Білімді мыңды жығар»

1 ҚЫРКҮЙЕК- БІЛІМ КҮНІ

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Білімді мыңды жығар» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, оқырмандарды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.