«Түркі тарихындағы ұлы тұлға»

⚜️Қолбасшы, мемлекет қайраткері Әмір-Темір — 690 жыл

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы «Түркі тарихындағы ұлы тұлға» тақырыбында бейнетүсірілімді назарларыңызға ұсынады.

⚜️Мақсаты: Әмір-Темірдің тарихи тұлғасын таныту, жастардың тарихқа қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

“Ғарышты бағындырған қазақ батыры”

🚀Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл

🚀Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Ғарышты бағындырған қазақ батыры” тақырыбында танымдық кеш өтті.

🚀Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                   

«Белдескеннен бел бүкпеген»

🏅Спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров — 75 жыл

🏅Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен атты тәрбие сағаты өтті.

🏅Мақсаты: Қазақ халқының мақтанышы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірі мен спорттағы жетістіктерін насихаттау арқылы оқырмандарға патриоттық тәрбие беру. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортты сүюге, табандылыққа, еңбекқорлыққа және елін, жерін құрметтеуге баулу. Ұлттық рухты көтеріп, болашақ ұрпақты биік мақсаттарға ұмтылуға тәрбиелеу.

 

                   

“Ұшқыр арман — нақты мақсат”

🚀Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл

🚀Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Ұшқыр арман — нақты мақсат” тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

🚀Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                     

«Ұлы қолбасшы — Әмір-Темір»

⚜️Қолбасшы, мемлекет қайраткері Әмір-Темір — 690 жыл

⚜️Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы қолбасшы — Әмір-Темір» атты тарих сағаты өтті.

⚜️Мақсаты: Әмір-Темірдің тарихи тұлғасын таныту, жастардың тарихқа қызығушылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ

 

                     

«Ғарышқа ұмтылған адамзат»

🚀12 сәуір — Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

🚀Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасында №17 Ы. Алтынсарин атындағы орта метебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен  атты тәрбие сағаты өтті.

🚀Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру, ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілеті

 

«Өлең сөздің даңғылы — бар қазақтың Жамбылы»

⚜️«Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы
⚜️Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 2025 жылы ақын жазушылардың шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту мақсатында «15 мерейлі тұлға: Үлкен әдеби марафоны» ұйымдастырылуда.
⚜️Жуалы ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен ақын, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Өлең сөздің даңғылы — бар қазақтың Жамбылы» атты әдеби жыр кеші өтті. Кешті аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Н.Жанабаев ашып, №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің оқушыларының «Айжан қыз» биімен жалғастырды. 9 сынып оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, Н.Асанбек Жамбыл Жабаевқа арнауын мәнерлеп оқыды. Оқушылар Ж.Жабаевтың өмірінен көрініс көрсетіп, аудандық мәдениет үйінің «Қызғалдақ» ән-би ансамблінің жетекшісі М.Мықтыбеков «Қаракөз», «Бес қола» әндерін нақышына келтіріп орындады. №1 Балалар өнер мектебінің «Жұмыр қылыш» ансамблі және жетекшісі Н.Жарылқап Құрманғазының «Адай», Дәулеткерейдің «Кероғлы» күйлерін күмбірлете тартты. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Н.Сиркебаева «Жүз жасаған, жыр алыбы — Жамбыл Жабаев» атты виртуалды кітап көрмесіне шолу жасап, фото галлереяны оқырмандар назарына таныстырып өтті. Кешті Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ш.Каниева қорытындылап, қатысқан оқырмандарды Алғыс хатттармен марапаттады.

“Ғарышты бағындырған қазақ батыры”

🚀12 сәуір — Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

🚀Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен “Ғарышты бағындырған қазақ батыры” тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

🚀Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру, ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру, патриоттық сезімін ояту.

#ЖуалыОКЖ

 

                

”Мақтанышы қазақтың — ұшқыш аға”

🚀Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров — 80 жас

🚀Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушылардың қатысуымен ”Мақтанышы қазақтың — ұшқыш аға” атты патриоттық сағат өтті.

🚀Мақсаты: Оқушыларды Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің өмірі мен ерлігімен таныстыру, ғарыш ғылымына қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ғылым мен білімге ұмтылысын қолдау, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру.

#ЖуалыОКЖ

 

                     

«Ұшталған қалам»

⚜️Жазушы, аудармашы Зейтін Ақышев — 115 жыл

⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық кітапханасы «Ұшталған қалам» атты бейнетүсірілімді назарларыңызға ұсынады.

⚜️Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы әрі аудармашы Зейтін Ақышевтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оның әдеби мұрасын жас ұрпаққа таныстыру. Сонымен қатар оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, туған ел әдебиетіне деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.