«Білім беру саласындағы ЖИ: жаңа буын дағдылары және мұғалім рөлі»

🇰🇿ЖОЛДАУ — 2025

🇰🇿Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында «Білім беру саласындағы ЖИ: жаңа буын дағдылары және мұғалім рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

🇰🇿Мақсаты: Ауыл шаруашылығын цифрландыру, заманауи технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту мәселелері сөз болды. Жолдауда көтерілген міндеттерді іске асыру ел экономикасының дамуына және ауыл халқының әл-ауқатын жақсартуға зор мүмкіндік беретіні атап өтілді.

#ЖуалыОКЖ

 

                  

«Есірткі — жас өмірді улаушы»

🚫💉Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің медбикесі Г.Садыкова және 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Есірткі — жас өмірді улаушы» тақырыбында пікір алмасу сағаты өтті.

🚫💉Жастарға есірткінің адам ағзасына, психологиялық және әлеуметтік жағдайына тигізетін зиянын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және өмірге деген жауапкершілік көзқарасты қалыптастыру.

#ЖуалыОКЖ

 

               

«Қазақ музыка өнерінің Гималайы»

🎼Композитор, дирижер Ахмет Жұбанов — 120 жыл

🎼Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақ музыка өнерінің Гималайы» атты өнер сағаты өтті.

🎼Мақсаты: Оқушыларға композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                            

«Қарасөз дарабозы»

📚 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026
2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.
⚜️Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қарасөз дарабозы» атты тақырыпты кеш өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.

«Әдебиет пен театр тәрбие бесігі”

🎭Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрына — 100 жыл

🎭Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Әдебиет пен театр тәрбие бесігі” атты тәрбие сағатын өтті.

🎭Мақсаты: Қазақ әдебиеті мен театр мәдениетіне қызығушылық пен сүйіспеншілік қалыптастыру.

 

                

“Ұлттық құндылықтарды дәріптейік”

⚜️Ақын, жазушы Олжас Сүлейменов 90 жаста

⚜️Жуалы ауданыКөкбастау ауылдық округі Теріс ауылдық кітапханасы №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен “Ұлттық құндылықтарды дәріптейік” тақырыбында библиомарафон ұйымдастырды.

⚜️Мақсаты: Жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған өлкенің тарихы мен ел үшін еңбек еткен тұлғаларға құрмет сезімін арттыру.

#ЖуалыОКЖ

                         

«Алаш қозғалысының ұлт көсемі»

📌Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов — 160 жыл
📌Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасында «Алаш қозғалысының ұлт көсемі» атты дөңгелек үстел өтті.
📌Мақсаты: Оқырмандарға мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның елге сіңірген еңбегі мен қоғамдық қызметінің маңызын көрсету, патриоттық сезімін дамыту және тарихи тұлғаларды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
                       

«Жасанды интеллект жаңа мүмкіндіктер»

🤖Жуалы аудандық орталық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлерінің қатысуымен «Жасанды интеллект жаңа мүмкіндіктер» атты ақпарат сағатын өтті.

🤖Мақсаты:Қатысушыларға жасанды интеллекттің (AI) қоғамдағы, экономикадағы және білім беру жүйесіндегі рөлін түсіндіру, Қазақстанның цифрлық даму бағыттарын талқылау, заманауи технологияларға қызығушылықты арттыру және инновациялық ойлау қабілетін дамыту.

#ЖуалыОКЖ

 

                  

“Бағыбек Құндақбайұлы — қазақ театр тарихын зерттеуші”

⚜️Театртанушы, педагог, өнертану ғылымдарының докторы Бағыбек Құндақбайұлы — 100 жыл

⚜️Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасы №22 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен “Бағыбек Құндақбайұлы — қазақ театр тарихын зерттеуші” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

⚜️Мақсаты: Бағыбек Құндақбайұлының қазақ театр өнері мен тарихын зерттеудегі еңбектерін таныстыру, оқушыларға ұлттық мәдени мұраның маңызын түсіндіру, театр өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру және өнертану саласына құрмет сезімін қалыптастыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                       

«Туған жерім, тұғырым — Қазақстан»

🔰«Туған жер — туған тарих»

🔰Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында «Туған жерім, тұғырым — Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесі өтті.

🔰Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

#ЖуалыОКЖ