«Әлихан Бөкейханов — ұлт көшбасшысы»

“Өткеннен өнеге, тарихтан тағылым”

«Өмірі өлеңмен өрнектелген»
Ақын Күләш Ахметова — 80 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында «Өмірі өлеңмен өрнектелген» атты әдеби кеш өтті.
Мақсаты: Оқушыларды ақын шығармаларымен таныстыру, өз Отанын суйе білуге, адамгершілікке , мейірімділікке, сөз өнерін, тілді құрметтеуге, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

«Аңыз және абыз»
«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Талапты ауылының тумасы Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Көлбастау ауылдық кітапханасы №2 Мыңбұлақ орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Аңыз және абыз» атты әдеби алаң өтті.
Мақсаты: Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгер,қазақтың мұңын мұңдаған,жоғын жоқтаған қайраткер, қазақ журналистикасының өзіндік мектебін қалыптастырған ұстаз, жазушы Шерхан Мұртазаның өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, жастарды рухани, патриоттық тәрбиеге баулу.

«Жер — біздің ортақ үйіміз»
30 наурыз — Жерді қорғау күні
Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасы «Жер — біздің ортақ үйіміз» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, Жерді аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға баулу. Экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған жерге деген жауапкершілік сезімін арттыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.

«Халық қаһарманы — Қайрат»
Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков — 60 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Т.Әкімов орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Халық қаһарманы — Қайрат» атты патриоттық сағаты өтті.
Оқушыларға Қайрат Рысқұлбековтің ерлігі мен өмірін таныстыру, Желтоқсан оқиғасының маңызын түсіндіру және патриоттық сезім қалыптастыру.

«Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!»

«Қазақтың қайсар ұлы — Қайрат»
Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков — 60 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақтың қайсар ұлы — Қайрат» атты патриоттық сағаты өтті.
Оқушыларға Қайрат Рысқұлбековтің ерлігі мен өмірін таныстыру, Желтоқсан оқиғасының маңызын түсіндіру және патриоттық сезім қалыптастыру.

«Жырлары жүрекке жылу сыйлаған»
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев — 95 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Жырлары жүрекке жылу сыйлаған» тақырыбында әдеби шолу өтті.
Мақсаты: Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
