«Әлихан Бөкейханов — Алаштың ардақтысы»

📌Мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов — 160 жыл
📌Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы №7 Т.Әкімов атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Әлихан Бөкейханов — Алаштың ардақтысы» атты тарих сағаты өтті.
📌Мақсаты: Оқырмандарға мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оның елге сіңірген еңбегі мен қоғамдық қызметінің маңызын көрсету, патриоттық сезімін дамыту және тарихи тұлғаларды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
                       

«Ұлт мұрасын ұлықтайық»

📚 «БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026
2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ел болып көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің терең мағыналы «Тағдыр» романы оқуға таңдалып алынды.
⚜️Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлт мұрасын ұлықтайық» атты әдеби алаң болып өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.
               

«Дені саудың — жаны сау“

🔸Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Дені саудың — жаны сау“ атты денсаулық сағаты өтті.

🔸Мақсаты: Оқырмандарға аурудың алдын алуға, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, жеке бас гигиенасын сақтап, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

#ЖуалыОКЖ

 

                        

«Туберкулез қауіпті дерт»

🔸24 наурыз — Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күні

🔸Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасын Қоңыртөбе ауылдық медпункт фельдшері М.Ажибеков және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Туберкулез қауіпті дерт» атты дәрігерлік кеңес өтті.

🔸Мақсаты: Оқырмандарға туберкулез туралы түсінік бере отырып алдын алу және ерте анықтау туралы хабардар ету, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

#ЖуалыОКЖ

 

      

“Туберкулез — әлемдік дерт”

🔸24 наурыз — Бүкіләлемдік туберкулезге қарсы күрес күні

🔸Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы «Нұрлы ұрпақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері және медбике Ж.Сансызбаеваның қатысуымен “Туберкулез — әлемдік дерт” атты ақыл-кеңес сағаты өтті.

🔸Мақсаты: Оқырмандарға туберкулез туралы түсінік бере отырып алдын алу және ерте анықтау туралы хабардар ету, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                       

«Денсаулық — зор байлық»

✅Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында «Денсаулық — зор байлық» атты қызықты хабарлама сағаты өтті.

✅Мақсаты: Оқырмандарға салауатты өмір салтын насихаттау, өмірге деген құштарлығын арттыру, жақсы мен жаманды айыра біліп, зиянды әдеттерден бойын аулақ салуға дағдыландыру.

#ЖуалыОКЖ

 

                  

«Қош келдің, әз Наурыз»

«Қош келдің, әз Наурыз» мерекелік шарасы жоғары деңгейде өтті
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қош келдің, әз Наурыз» атты кең ауқымды мерекелік шара тұрғындар мен қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұлттық салт-дәстүріміз дәріптеліп, халқымыздың бай мұрасы мен заманауи жетістіктері үйлесім тапқан тағылымды шара көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Мерекелік бағдарлама аясында сахна алаңында театрландырылған көріністер қойылып, концерттік бағдарлама ұсынылды. Ән мен жырға, би мен дәстүрге толы өнер кеші көрермендердің зор қошеметіне ие болды.
Киіз үйлер алаңында қазақы нақышта жабдықталған киіз үйлер тігіліп, келген қонақтарға халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен қонақжай дәстүрі кеңінен таныстырылды. Ал «Наурыз – береке бастауы» ұлттық тағамдар алаңында мол дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.
«Жеті қазына – ұлт мұрасы» этноауыл көрмесі ерекше мазмұнымен көпшіліктің назарын аударды. Көрмеде «Ер жігіт – елдің қорғаны», «Сұлу әйел – өмірдің шуағы», «Ақыл мен білім – таусылмас қазына», «Жүйрік ат – ер қанаты», «Қыран бүркіт – көктің еркесі», «Құмай тазы – аңшының серігі», «Берік қару – ел тыныштығының кепілі» тақырыптары аясында халқымыздың рухани және мәдени құндылықтары кеңінен насихатталды.
Сонымен қатар, «Бір шаңырақ астында» этномәдени бірлестіктерінің көрмесі ұлттар достығы мен бірлігін айшықтаса, «Ақылды технологиялар әлемі» робототехника көрмесі жастардың жаңашыл идеялары мен заманауи технология жетістіктерін таныстырды.
Жастарға арналған «НаурызFest» ойын-сауық алаңында алтыбақан құрылып, «Селт еткізер», «Сақина салу» секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Ал «Наурыз думан» ұлттық спорт алаңында қол күрес, арқан тарту, тоғызқұмалақ, асық ату, гір тасын көтеру, қап көтеру сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп, қатысушылар белсенділік танытты.
Жалпы, мерекелік шара халықтың бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған тағылымы мол думанға айналды. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы екені тағы бір мәрте айқындалды.

«Қош келдің — әз Наурыз»

⚜️22 НАУРЫЗ — ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
⚜️ Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық мәдениет үйі және кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектеп, «Бәйтерек» бөбекжай балабақша қызметкерлерінің қатысуымен «Қош келдің — әз Наурыз» атты мерекелік кеш өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт- дәстүрлерін бойына дарыту арқылы, шынайылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

«Ұлыстың ұлы күні — береке бастауы”

⚜️22 НАУРЫЗ — ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
⚜️ Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасы “Білімді ұрпақ” қызығушылық клуб мүшелерінің қатысуымен «Ұлыстың ұлы күні — береке бастауы” атты мерекелік кеш өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт- дәстүрлерін бойына дарыту арқылы, шынайылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

«Наурыз — берекем, Наурыз — мерекем»

⚜️22 НАУРЫЗ — ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ
⚜️Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы және №30 Көктөбе орта мектебінің ұйымдастыруымен «Наурыз — берекем, Наурыз — мерекем» атты мерекелік кеш өтті.
⚜️Мақсаты: Оқырмандарға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрлерін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандандылыққа тәрбелеу.