«Алғыс айту — парызым»
«Алғыс айту — адамгершілік белгісі»

«Жақсы сөз — жан азығы»
«Алғыс айту — парызым»
«Профессордың дара жолы»
Жазушы, журналист Намазалы Омашев 75 жаста
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасы №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Профессордың дара жолы» тақырыбында ақпарат сағатын өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа Н.Омашевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

«Асыл арман”
Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев — 85 жыл
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасында №9 Абай атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Асыл арман” атты танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға Ескендір Хасанғалиевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидың туғанына 1005 жыл
Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидың туғанына 1005 жыл
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өрісі биік өнегелі тұлға» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жүсіп Баласағұнның өмір жолын, шығармашылық жетістіктерін насихаттай отырып оқырмандарды адамгершілікке, саналы білім алуға, имандылыққа тәрбиелеу.

“Соғыс өтті күркіреп…”
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ — 80 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылдық балалар кітапханасында Ауған соғысының ардагерлері Е.Тілеубеков, П.Оспанов, Қ.Тасымбетов, Ш.Мұртаза атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен “Соғыс өтті күркіреп…” атты таным сағаты өтті. Шара барысында 8 «Ә» сынып оқушысы А.Нұржан соғыс туралы өлең жолдарын оқыса, Ж.Мұқан «Ерке сылқым» күйін тартып, 2 «В» сынып оқушысы Ә.Қадырбек «Туған жерім», аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы А.Тәліпбек «Атамекен» әнін нақышына келтіріп орындады. Кітапханашы Г.Егеубаева “Отты жылдар елесін, кітап оқып білесің” атты кітап көрмесіне шолу жасап, кітап оқуға шақырды.
Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.
«Талантына табындырған тұлға»
Жазушы Мұхтар Мағауин — 85 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Талантына табындырған тұлға» тақырыбында шығармаларына шолу өтті.
Мақсаты: Жас ұрпаққа М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.
