

2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы. «Жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау, дамыту» бойынша Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында балалар жазушысы Марат Құлибайұлы 50 жасқа толуына орай №30 Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар күнделігінің жаршысы» атты ақпарат сағаты өтті.
Мақсаты: Жазушының еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулу, шығармаларымен таныстырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, оқырмандарды адалдыққа, кітап оқуға баулу.

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ — 80 ЖЫЛ
Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ұлы Жеңіс қуанышың қаншама» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандарды Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктерімен таныстырып, жас ұрпақты адамгершілікке, Отансүйгіштікке баулу, патриоттық сезімдерін ояту, батырлар ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.


2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы. «Жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау, дамыту» бойынша Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасы балалар жазушысы Марат Құлибайұлы 50 жасқа толуына орай №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Балалар әдебиетінің жарық жұлдызы” тақырыбында әдеби вернисаж өтті.
Мақсаты: Жазушының еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулу, шығармаларымен таныстырып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырып, оқырмандарды адалдыққа, кітап оқуға баулу.



Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл
Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында №5 М.Ломоносов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Талантты ақын” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
