«Дін негізгі тірегіміз»

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары және ауыл имамы Б.Арыстановтың қатысуымен «Дін негізгі тірегіміз» тақырыбында ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                                

 

 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы — татулық пен бірліктің кепілі»

Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы — татулық пен бірліктің кепілі» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының бір шаңырақ астындағы халықтардың достығымен өз ара түсіністігін одан әрі дамытып, еліміздегі ұлтаралық татулық, ынтымақ бірлікті нығайту.
                          

«Тарих пен тіл тамырлас»

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Тарих пен тіл тамырлас» атты көрме-понарама ұйымдастырды. Іс шара барысында кітапханашы Г.Егеубаева оқырмандарға ана тілімізді құрметтеуге, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіріп, ұлтжанды ұрпақ болуға шақырды.

 

                          

 

 

«Қазақ поэзисының пырағы»

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы №22 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Қазақ поэзисының пырағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                                     

 

 

«Мақтан тұтар ұлы тұлға»

 Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасы №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектебінің 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

                            

«Бауыржан Момышұлы — батыр тұлға»

«Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы №22 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Бауыржан Момышұлы — батыр тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Аңызға айналған даңқты қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.

 

                                 

«Өмірі өлеңмен өрілген»

Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова 80 жаста

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Өмірі өлеңмен өрілген» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 

                            

«Жүрек лүпілінен туған жыр»

Ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Шырын Мамасерікова 80 жаста

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Жүрек лүпілінен туған жыр» тақырыбында поэзия сағатын өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға ақын Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты меңгерту, түсініп оқуға, оқығанды жеткізе білуге дағдыландыру, жастардың дүниетанымы мен ой-өрістерін кеңейту, ауызекі сөздік қорын дамыту, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

 

                              

«Алтын орда дәуірі»

Алтын Орда мемлекетінің құрылғанына 755 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Шыңбұлақ ауылдық кітапханасында №24 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Алтын орда дәуірі» тақырыбында тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Алтын Орданың құрылу тарихы, жүргізген саясаты, қазақ даласының тарихында алатын орнын, құндылықтарын насихаттау.

 

                                 

«Саусақ ұшындағы жарық»

Жуалы аудандық орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің кітапханашысы З.Тұрғанбаева кітапхананың тұрақты оқырмандары А.Ортаев пен М.Болдыбайға «Саусақ ұшындағы жарық» тақырыбында аудио таспалар мен БНШ кітаптарын таныстырып өтті.