«Жолдауға қолдау: Жасанды интеллекет»

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Жолдауға қолдау: Жасанды интеллекет» тақырыбында талқылау отырысы өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жасанды интеллект ұғымы, оның қоғамдағы, білім мен мәдениет салаларындағы рөлі туралы түсінік беру; заманауи технологиялардың мүмкіндіктері мен маңызын насихаттау; кітапхана оқырмандарының ақпараттық сауаттылығын арттыру, цифрлық ойлау қабілетін дамыту және жаңа технологияларға қызығушылығын ояту. 

 

 

                         

«Жүз жасаған жыр алыбы — Жамбыл Жабаев»

Қазақтың ұлы ақыны, жырау Жамбыл Жабаев — 180 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында «Жүз жасаған жыр алыбы — Жамбыл Жабаев» атты кітаптарына шолу кеші өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау.

 

                           

«Қарлығаш қанаты — Әмина рухы»

Ақын Әмина Шалабаева — 110 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қарлығаш қанаты — Әмина рухы» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Ақын, жазушы Әмина Шалабаеваның өмірі мен шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа оның әдеби мұрасын таныта отырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу.

 

                           

 

 

«Желтоқсан жүректерде жаңғырады»

 Жуалы аудандық орталық кітапханасының ақпараттық-библиография бөлімінің библиографы оқырмандар назарына Бекжан Боздың «Желтоқсан жүректерде жаңғырады» атты жаңа кітабын ұсынады.
 Автордың тікелей араласуымен құрастырылып, жеке қаржыландыруы арқылы жарық көрген бұл еңбекте 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің себептері мен салдары жан-жақты қамтылып, құнды тарихи деректер ұсынылған.
 Кітапқа енгізілген материалдар «Алматы 1986. Желтоқсан» айғақ кітаптарының бірінші, екінші, үшінші, он алтыншы және он жетінші томдарынан алынған.
 Басылым көпшілік оқырман қауымға арналған.

“Ерлікпен өрілген азаттық жол”

Ұлт-азаттық көтерілісіне — 110 жыл
Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Сұрым ауылдық модельді кітапханасы “Ерлікпен өрілген азаттық жол” атты тарихи бейнетүсірілімді оқырман назарына ұсынады.
Мақсаты: Ұлт-азаттық көтеріліс батырларын еске ала отырып, ел басына күн туған кезеңдегі халық ұлдарының ерлігін, табандылығын насихаттау, жас ұрпақты отан сүйгіштікке баулу.

«Ертеңіңді ойласаң- есірткіге жолама»

Жуалы аудандық орталық кітапханасында аудандық орталық аурухананың профилактика және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің психолог-наркологы З.Бердиожаева, «Сенім» жастар денсаулық кабинетінің медбикесі Г.Шохатованың қатысуымен «Ертеңіңді ойласаң- есірткіге жолама» тақырыбында маман кеңесі өтті.

Мақсаты: Жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіге қарсы көзқарас қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, психологиялық және медициналық кеңес беру арқылы есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зиянын түсіндіру.

 

                           

 

 

 

«Қоршаған орта және заң»

Жуалы аудандық орталық кітапханасында Ә.Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қ.Қырғызбаева, ААбенова және 8-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Қоршаған орта және заң» тақырыбында құқық сағаты өтті.
Мақсаты: Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, қоғамдағы құқық бұзушылықпен күресу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен ынтымақтастық орнату және жасөспірімдермен жасалатын тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.
                            

“Ақын елдің ардағы”

Жазушы Жақау Дәуренбеков — 80 жаста

Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен “Ақын елдің ардағы” атты әдеби панорама өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Жақау Дәуренбековтың өмірі мен қызметін таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау.

 

                    

«Елі үшін жаралған»

Ақын, жазушы Олжас Сүлейменов 90 жаста

Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Елі үшін жаралған» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақты елін, жерін сүюге тәрбиелеу, отансүйгіштік рухты қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, туған өлкенің тарихы мен ел үшін еңбек еткен тұлғаларға құрмет сезімін арттыру

 

                        

 

 

«Тарихи тұлға- Абылай хан»

Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Жаңаталап ауылдық кітапханасында №26 Жаңаталап орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Тарихи тұлға- Абылай хан» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.