“Балалы ел — бақытты ел”

Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаев — 75 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында “Балалы ел — бақытты ел” атты мақсатты бағдарлама аясында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Халық қаһарманы” атты тарихи сағаты өтті.

Мақсаты: Ұшқыш-ғарышкер, мемлекет қайраткері Талғат Мұсабаевтың өмірі мен еңбегін таныстыру, оның Қазақстан ғылымы мен ғарыш саласына қосқан үлесін насихаттау. Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке, ел мақтаныштарын құрметтеуге тәрбиелеу, ғылыми білімге ұмтылысын қалыптастыру.

 

                         

«Ғылым шежіресін сөйлеткен қаламгер»

Жазушы, драматург Медеу Сәрсекеев — 90 жыл

Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі Бәйтерек ауылдық кітапханасында «Ғылым шежіресін сөйлеткен қаламгер» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург Медеу Сәрсекеевтің өмірі мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оқырмандарға қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны мен еңбегін таныстыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке, рухани құндылықтарды қадірлеуге баулу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

 

                       

 

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР БЕТТЕРІНЕН

МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР БЕТТЕРІНЕН

Жуалы аудандық орталық кітапхананың ақпараттық библиография бөлімінің библиографы аудандық «Жаңа өмір», «Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінде жарияланған мақалаларды назарларыңызға ұсынады.

 

«Күй анасы»

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Күй анасы» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.

 

 

 

«Әдебиеттегі әлемі бөлек Әдібай»

Ақын, жазушы Әдібай Табылды — 100 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Әдебиеттегі әлемі бөлек Әдібай» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Ақын, жазушы Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығын таныту, оның қазақ әдебиетіндегі орнын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

 

                    

 

 

 

 

 

«Қазақтың ханы Абылай»

Қазақ хандығының көрнекті билеушісі, мемлекет қайраткері Абылай хан — 315 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Қазақтың ханы Абылай» атты тарихи кеш өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Абылай хан өмір тарихын, қазақ әдебиеті мен тарихында алатын орны туралы, шешендік өнері туралы мағлұмат беріп, білімділікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

 

                        

 

 

«Қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы»

Ақын, жазушы Әдібай Табылды — 100 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Ақын, жазушы Әдібай Табылдының өмірі мен шығармашылығын таныту, оның қазақ әдебиетіндегі орнын насихаттау, оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

 

                    

 

 

«Қазақ күйінің дара тұлғасы»

Қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нүрпейсова — 165 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Тәттібай Дүйсебайұлы ауылдық кітапханасы «Қазақ күйінің дара тұлғасы» атты тарихи сағат өтті.

Мақсаты: Күйші Дина Нүрпейсованың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, ұлттық күй өнерінің құндылығын таныту, жас ұрпақтың қазақ халқының мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру, өнерге, музыкаға құрмет сезімін қалыптастыру.

 

                           

«Өлеңнің өткел бермес жүйрігі»

Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаев — 90 жаста

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасында «Өлеңнің өткел бермес жүйрігі» атты танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Сәбит Оразбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, өлең өнерін насихаттау және оқырмандардың әдебиетке қызығушылығын арттыру.

 

                        

«Имандылық — ізгілік негізі»

Жуалы аудандық орталық кітапханасында Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Жуалы ауданы бойынша теолог маманы Р.Абделиев және «Жастар ресурстық орталығы» жастармен жұмыс жөніндегі заңгер-маман Н.Ахметов, кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Имандылық — ізгілік негізі» атты имандылық сағаты өтті. Шара барысында Р.Абделиев оқырмандардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, ақыл-кеңесін айтты.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру