«Қазақ вальсінің корольі»

Композитор, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл

Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қазақ вальсінің корольі» атты ақпарат сағаты өтті.

Оқырмандарға Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

                          

«Ұлы ақын»

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Көлтоған ауылдық кітапханасында №8 С.Бәйтіков атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушылары және «Білімді ұрпақ» қызығушылығы клуб мүшелері қатысуымен «Ұлы ақын» тақырыбында портрет кеші өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                            

«Жастар ресурстық орталығы»

Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі Нұрлыкент ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандары және «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің инспектор-теологы Рамазан Абделиевтің қатысуымен «Имандылық тұрақтылық кепілі” атты дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік жəне діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

 

                               

«Бауыржан Момышұлы — батыр тұлға»

2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы.
Жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында қазақтың халық қаһарманы Кеңес Одағының батыры Көлбастау ауылының тумасы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі Қарасаз ауылдық кітапханасында №6 А.Пушкин атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Бауыржан Момышұлы — батыр тұлға» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Аңызға айналған даңқты халық қаһарманы туралы мағұлмат беру, батырдың азаматтық, ерлік істерін айту,шығармалары және қанатты сөздерімен таныстыру, жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастырып, Отанды сүюге тәрбиелеу, батырдың биік тарихи тұлғасын тереңірек тану, оның өнегелі өмірін, ерлігін бүгінгі ұрпаққа кеңінен үлгі ету.
                      

«Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы — Рамазан Тоқтаров»

Жазушы Рамазан Тоқтаровтың туғанына 110 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында №5 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы — Рамазан Тоқтаров» тақырыбында ақпарат сағатын өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа Р.Тоқтаровтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                                       

 Намазалы Омашұлы Омашев -75 жаста

     Намазалы Омашұлы Омашев 1950 жылдың 19 қаңтарында Жамбыл облысының Мерке ауданы Ойтал ауылында дүниеге келген. Ол филология ғылымдарының докторы, профессор, 2003 жылдан Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі (академик), 2002 жылдан Қазақстан журналистикасы академиясының толық мүшесі (академик), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.
      Н.О. Омашев – қазақтың көрнекті ғалымдарының бірі. Ол 13 монографияның, 3 оқулықтың, 9 ғылыми-публицистикалық еңбектер мен очерктер жинағының, 9 оқу құралдарының және 300-ден астам ғылыми, публицистикалық мақалалардың авторы. Оның жетекшілігімен 6 докторлық, 18 кандидаттық диссертация қорғалды. Н.О. Омашевтың ғылыми еңбектері қазақстандық ғылыми ортада ғана емес, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерде де үлкен резонанс тудырған. Ол Лас-Вегаста (АҚШ, 1998), Париж (Франция, 1999), Монреал (Канада, 2000), Ресей (Москва, 1980-1992) және т.б. халықаралық конференцияларда жоғарғы кәсіби бағаға ие болды.
       Үш мәрте Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының (1989, 2000, 2006) лауреаты. 2001 жылы Н.О. Омашевқа Кембридждің (Англия) Халықаралық Өмірбаяндық Орталығы “Жыл адамы” деген атақ берді, “Тану декларациясы” мен “Құрмет медалімен”, 2001 жылы Қазақстан Республикасының 10 жылдығына ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2002 жылы журналистика саласындағы ерен еңбегі үшін “Алтын самұрық” төс белгісі, 2003 жылы “Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төс белгісі, 2004 жылы Жамбыл облысы Мерке ауданының “Құрметті азаматы” атағы, 2004 жылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан қомақты үлесі үшін “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағы берілді. 2005 жылы “Қазақстан Конституциясына 10 жыл” мерекелік медалімен, 2005 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Алғысымен марапатталды. 2007 жылы Н.О.Омашев республикалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған мақалалар топтамасы үшін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты атанды. 2007 жылы Кембридждің (Англия) Халықаралық Өмірбаяндық Орталығы ХХІ-ғасырдағы аса көрнекті тұлғаларының тізіміне енгізді. М.О. Әуезов атындағы Семей университетінің Ғылыми кеңесінің 2007 жылғы 23 сәуір күнгі шешімімен (№ 6 хаттама) құрметті профессоры атағы, 2009 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. 2009 жылы «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында аянбай қызмет еткені үшін «Қазақ тілінің жанашыры – 2009» төс белгісімен, 2010 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен, 2012 жылы отандық ғылымды дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Еуразия жұлдызы» атағымен марапатталды.

«Қазақ сахнасының саңлағы»

Әнші, актер Құрманбек Жандарбековтың туғанына 120 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында №5 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Қазақ сахнасының саңлағы» тақырыбында библиографиялық шолу өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Қ.Жандарбековтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

                               

«Ілияс Есенберлин — ұлы даланың даңқты ұлы»

Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл

Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округі Шақпақата ауылдық кітапханасында №5 Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Ілияс Есенберлин — ұлы даланың даңқты ұлы» атты таным сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

                             

«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы қазақ хандығы»

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында №20 Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы қазақ хандығы» атты тарихи кеш өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.

 

                           

«Өлең сөздің зергері»

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл

Жуалы аудандық орталық кітапханасы «Өлең сөздің зергері» атты ақпаратты назарларыңызға ұсынады.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.