ЖАҢА КІТАПТАР — ОҚЫРМАН ИГІЛІГІНЕ

Жуалы аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы З.Лепесханова кітап қорына жаңадан келіп түскен жазушы, журналист Доқтырхан Тұрлыбектің «Жуалы» тарихи-таңымдық энциклопедиялық туындысын оқырман назарына ұсынады.
Кітап сүйер қауым кітапханаға келіңіздер, кітап оқыңыздар!
Рухани бай болайық!!!

Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл

Бүгін қазақтың аса көрнекті жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, әдебиеттанушы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл.
Есенберлиннің әдеби мұрасы тарихи романдарымен ерекше танымал. Оның ең белгілі шығармаларының бірі — «Көшпенділер» трилогиясы (1969–1973). Бұл туындыда қазақ халқының тарихы, көшпелі өмір салты, тәуелсіздік үшін күрес және қазақ қоғамының даму кезеңдері кеңінен бейнеленген. Трилогияда «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты бөлімдер бар.
Есенберлин әдебиетке қазақтың бай тарихи мұрасын жаңаша көзқараспен жеткізді. Оның шығармаларында тарихи шындық пен халықтың тағдыры терең зерттеліп, қазақ халқының ерлік күресі мен ұлттық санасын қалыптастыру мәселелері көтерілген.
Жазушының шығармаларының тақырыбы кең және жан-жақты: ұлттың тарихы, тұлғалардың рухани дамуы, әлеуметтік және саяси мәселелер. Сонымен қатар, Ілияс Есенберлин ұлттық әдебиетке жаңа стиль, идеялар мен ұғымдар енгізді.
Есенберлиннің шығармалары бірнеше тілге аударылған, ол кеңінен танымал жазушы ретінде әлем әдебиетіне өз ықпалын тигізді.

«Өлеңнің тау тұлғасы — Қадыр ақын»

   Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл

  Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында №18 Мәлік Ғабдуллин атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Өлеңнің тау тұлғасы — Қадыр ақын» атты поэзия кеші өтті.

   Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                        

 

 Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев дүниеге келген күн

    Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Алматы қаласында туған. 1936 жылы Мәскеудің Түсті металл институтын бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған. 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигінде бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры қызметтерін атқарады. 1939 жылдан «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
     1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 1955-1960 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960-1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1986 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының көтерілісі Желтоқсан оқиғасына ұласты. Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.
     Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік қайраткер, нағыз ұлт қайраткері екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

«Қазақты әлемге танытқан қаламгер»

 Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 110 жыл

Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасында №3 Қарымбай Қошмамбетов атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақты әлемге танытқан қаламгер» атты тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға І.Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармаларын дәріптеу, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін жеткізу.

 

                           

 

«Елдіктің бастауы — қазақ хандығы»

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА — 560 ЖЫЛ

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Елдіктің бастауы — қазақ хандығы» атты тарих сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай жалпы ақпарат беру, қазақ хандары, билері және батырлары жайында түсініктерін кеңейту, өз елін сүюге, қастерлеуге, қорғауға тәрбиелеу.

 

                       

 

«Өнері — өнеге»

Әнші, актер Құрманбек Жандарбековтың туғанына 120 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасы «Өнері — өнеге» атты бейнетүсірілімді оқырман назарына ұсынады.

Мақсаты: Оқырмандарға Қ.Жандарбековтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.

 

«Ой мен жырдың аламаны»

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің туғанына 90 жыл

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округі Ақтөбе ауылдық кітапханасында №25 Ақтөбе тірек мектебінің оқушыларының қатысуымен «Ой мен жырдың аламаны» атты ақпарат өтті.

Мақсаты: Ақын, сөздің сәйгүлігі, ойдың озарманы, Қадыр Мырза Әлі шығармаларын насихаттау, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.

 

                           

«Ұлы даланың ойшылы — Жүсіп Баласағұн»

Түркі дүниесінің ойшылы Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнидың туғанына 1005 жыл

Жуалы ауданы ауданы Көкбастау ауылдық округі Қосбөлтек ауылдық кітапханасында №30 Көктөбе атындағы орта мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлы даланың ойшылы — Жүсіп Баласағұн» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Жүсіп Баласағұнның өмір жолын, шығармашылық жетістіктерін насихаттай отырып оқырмандарды адамгершілікке, саналы білім алуға, имандылыққа тәрбиелеу.

 

                                 

«Әбіш әлеміне саяхат»

Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасында №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Әбіш әлеміне саяхат» атты әдеби алаң өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Әбіш Кекілбаев туралы ақпарат беру, шығармаларына деген сезімдерін қалыптастыру, патриоттық сезімін ояту, ерлікке, елін жерін сүюге, Отанын қорғауға және Ұлт намысын қорғаған батырларды құрметтеу мен ұлықтауға тәрбиелеу.