«Қазақ руханиятының сақшысы»

Жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасы кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Қазақ руханиятының сақшысы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                                     

«Отқа оранған сол жылдар»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасы Ауған соғысы ардагерлері Х.Тасымбетов, П.Успанов, К.Раздыков, №22 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің оқушыларының қатысуымен «Отқа оранған сол жылдар» атты еске алу кеші өтті.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

«Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев»

Әнші, композитор Ескендір Хасанғалиев — 85 жыл

Жуалы ауданы Боалдай ауылдық округі Рысбек батыр ауылдық кітапханасында «Туған жерін ән еткен Ескендір Хасанғалиев» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Мақсаты: Оқырмандарға Ескендір Хасанғалиевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, музыкалық туындыларға деген қызығушылығын оята отырып, әнге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

 

                           

«Ауған асуында от кешкендер»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Қоңыртөбе ауылдық кітапханасы №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің алғашқы әскери дайындық және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Ғ.Абрасилов және оқушыларының қатысуымен «Ауған асуында от кешкендер» атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
                                   

БҮГІН — ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 85 ЖЫЛ

БҮГІН — ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ ТУҒАНЫНА 85 ЖЫЛ
Әнші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, Ескендір Хасанғалиев Өтегенұлы (1940-2021 жж.) 13 ақпанда дүниеге келген.
Ол Қазақстанның белгілі эстрадалық әншілері орындайтын танымал әндердің авторы.Оның алғашқы әні 1961 жылы «Анаға сәлем» деген атпен елге танылып, одан кейін «Асыл арман», «Атамекен», «Бозторғай», «Әдемі-ау» т.б. жұртшылық сүйіп айтар әндер жазды. Ескендір Хасанғалиев әндері әсіресе жастық шағы 60-жылдардың соңы мен 70-жылдардың басында өткен замандастарына, іні-қарындастарына ыстық. Оның «Әдемі», «Өмірімнің жазы», «Студенттердің қоштасу әні», «Асыл арман», «Ауылым-әнім», «Атамекен», «Есіңе ал», «Сағындым сені», «Гүл сезім», «Әдемі-ау», «Елігім еркем», «Бозторғайым» тағы да басқа әндердің авторы. Әндерін ел ішінде емес, шетелдерде де ықыласпен қабылдайды.
Ескендір Хасанғалиевтің Отан, туған ел тақырыбына арналған шығармалары өте көп. Ол 500-ден астам ән, романс және хорға арналған шығармалар жазған.

«Талантты табындырған тұлға»

Жазушы Мұхтар Мағауиннің туғанына 85 жыл

Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе ауылдық кітапханасы №30 Көктөбе орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Талантты табындырған тұлға» атты әдеби кеш өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа М.Мағауиннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

 

                           

 

 

“Ауған соғысының қасіреті

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Көктөбе, Қосбөлтек ауылдық кітапханаларының ұйымдастыруымен Ауған соғыс ардагерлері Б.Тәңірберген, А.Ахметов, №30 Көктөбе орта мектебінің 5-10 сынып оқушылары және Қосбөлтек ауылының тұрғындарының қатысуымен “Ауған соғысының қасіреті” атты кездесу кеші өтті. Көктөбе ауылдық кітапханасының әдіскері Д.Дадашова Ауған соғысы туралы қысқаша ақпарат беріп өтті. Қосбөлтек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Пернебек «Жастығын жалын шарпығандар» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

«Ер есімі — ел есінде»

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округы Ақбастау ауылы №16 Жуалы колледжінде Ауған соғыс ардагерлері Е.Алибаев, М.Әбдібеков, П.Успанов, Қарасаз ауылдық Аналар алқасының төрайымы А.Омарова және №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ер есімі — ел есінде» атты еске алу кеші өтті. Кітапханашы А.Темірбаева «Ұрпаққа үлгі болған ерлік» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
                             

“Ардагерлерді ардақтайық”

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл
Жуалы ауданы Көкбастау ауылдық округі Бақалы ауылдық мәдениет үйінде Ауған соғысы ардагерлері Х.Тасымбетов, К.Раздыков, П.Оспанов, №16 С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ұстаздары және 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Ардагерлерді ардақтайық” атты кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Жауынгер ағаларымыздың ерлігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
               

«Туған жер тұғырың — туған жер қыдырың»

«Туған жер — туған тарих»

Жуалы ауданы Күреңбел ауылдық округі Күреңбел ауылдық кітапханасы №34 Қаратас атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Туған жер тұғырың — туған жер қыдырың» атты ақпарат сағаты өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға туған жердің тарихын білуге, қадірлеуге,қастерлеуге үйрету. Өз жерін сүюге, қорғауға үйрету. Рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз ауылын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.