Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Талапты ауылдық кітапханасында «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Жуалы ауданы бойынша теолог маманы Р.Абделиев және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Дін ұлттың діңгегі» атты кездесу өтті. Шара барысында Р.Абделиев оқырмандардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп, ақыл-кеңесін айтты.
Мақсаты: Діни экстремизм мен терроризм туралы терең түсінік беру, себептері мен зардаптарын ұғындыру, ауыл тұрғындарына қоғамның əлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыру.
