4 маусым — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ КҮНІ
Мемлекеттік рәміздер — еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі Қарабастау ауылдық кітапханасы “Мерей” қызығушылық клуб мүшелері және кітапхананың тұрақты оқырмандарының қатысуымен «Ел рәміздері — еркіндік нышаны” атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың Мемлекеттік Рәміздерге деген құрмет сезімдерін арттыру, мақтан тұтуға, дәріптеуге баулу, танымдарын кеңейту Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту. #ЖуалыОКЖ
