“Елінің дара туған батыры — Бақытжан”

⚜️Жергілікті жерден шыққан тұлғаларды насихаттау мақсатында Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен Ертай ауылының тумасы, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант, ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаевтың 74 жасқа толуына орай “Елінің дара туған батыры — Бақытжан” атты ерлік сағаты өтті.
⚜️Мақсаты: Халық қаһарманы Бақытжан Ертаевтың өмірі мен өнегелі істерін ұрпаққа насихаттау, құрмет сезімін білдіру, Отаншылдыққа баулу, халқымыздың атадан балаға жалғасқан ерлік дәстүрінің мән-мағынасын түсіндіру, әдебиеттерді насихаттау.