23 СӘУІР — ҰЛТТЫҚ КІТАП ЖӘНЕ КІТАПХАНАШЫЛАР КҮНІ
Жуалы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі «Кітапханашы — руханияттың шамшырағы» тақырыбында мерекелік кездесу кешін ұйымдастырды. Кештің шымылдығын кітапхананың жас мамандары «Кітапхана» әнімен ашса, кітапхана оқырмандары «Жүр досым, кітапханаға» әнімен жалғастырды. №15 Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектеп-гимназиясының оқушысы Ғ.Мирас «Ұлы дала», «Ардақ бэнд» вокалдық инструментальді ансамблі «Қалаға жауын», «Еске алу», кітапханашылар Ж.Аймағамбетова «Ризамын», А.Алтайбекова «Атамекен», С.Манат «Кітапханашылар» арнау өлеңі, кітапхана оқырманы А.Алтынбек «Жаным ана», кітапхана директоры А.Асилбеков, қызметкер Б.Жаулыбаев «Арман» әндерін орындады. Шара барысында кітапхана ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, олардың ұзақ жылғы еңбегі мен кітапхана саласының дамуына қосқан үлесі ерекше аталып өтті.
Кеш барысында рухани құндылықтар, кітаптың адам өміріндегі маңызы, кітапханашының қоғамдағы рөлі туралы тағылымды ойлар айтылып, мазмұнды пікір алмасу өтті. Көрермендер әсерлі әндер мен жүрекке жеткен жырларды тыңдап, ерекше көңіл-күйге бөленді. Кеш соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, кітап пен кітапханаға деген сүйіспеншілікті арттыру жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
