Жазушы, аудармашы Бақытжан Бауыржанұлы — 85 жыл
Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округі Кәріқорған ауылдық кітапханасы №7 Тұрсын Әкімов атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Көрнекті қаламгер — Бақытжан» атты танымдық сағат өтті.
Мақсаты: Жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері Бақытжан Момышұлының өмірі мен шығармашылық жолын таныстыру, әдеби мұрасын насихаттау; қаламгердің қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан үлесін дәріптеу. Оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштікке, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
