7 мамыр — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ
Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округі Қошқарата ауылдық кітапханасы №9 Абай атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Отан сүйер ұланбыз» атты патриоттық сағат өтті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылуы, оның Отанымыздың бейбітшілігін сақтаудағы маңызы жайлы, әскери өнердің өзіндік ерекшелігі туралы, егемендігімізді күзетуде олардың маңызы жайлы терең мағлұмат беру, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу, патриотизм сезіміне тәрбиелеу.
