«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» республикалық акциясы – 2026 2026 жылы дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтың іс шараларын насихаттау
Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі Ертай ауылдық кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Қабдеш Жұмаділов — қазақтың марқасқа классигі» атты әдеби талдау өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға жазушы Қабдеш Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, оқуға, білімге, адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды насихаттау. Ұлт тарихы мен адам тағдырын арқау еткен бұл шығарма әрбір оқырманды терең ойға жетелейді.
